Жамбылда жиын-терін жалғасуда
Жері шұрайлы, табиғаты тамылжыған Жамбыл ауданының дала еңбеккерлері биылғы құрғақшылыққа қарамастан мол өнім алып, табысқа кенелуде
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Қазіргі таңда 18 102 гектар масақты дәнді дақылдар толығымен жиналған. Оның ішінде 4 294 гектар бидай, 13 808 гектар жаздық арпа. Жалпы түсім 22 829 тоннаны құраған. Күздік бидай-5 110 тонна, жаздық арпа -17 719 тонна. Әр гектардан орта есеппен – 12,7 центнерден өнім алынған (күздік бидай-11,9 центнер, жаздық арпа -12,8 центнер).
Сонымен қатар бүгінгі күнге ауданда 582 гектар картоптың 569 гектарынан 12 916 тонна, 8 823 гектар көкөністің 2103 гектарынан 65 976 тонна, 740 гектар бақша дақылынан 20 217 тонна, 2 948 гектар майлы дақылдың 1 090 гектарынан 767 тонна, 25 093 гектар мал азықтық дақылдарынан 163 222 тонна өнім жиналыпты. Күзгі егін жинау жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, бұрынғы жылдары егілген көпжылдық шөптің екінші орымы толық аяқталып, жекелеген шаруашылықтарда көпжылдық шөптің үшінші орымы жүргізілуде. Бүгінгі күнге аудан бойынша 163 222 тонна шөп, 44 200 тонна сабан, 3 800 тонна сүрлем дайындалған. Жалпы мал азығын дайындауда шөп оратын өздігінен жүретін 48 комбайн, 12 КДП-2,4 шөп шалғысы, 60 шөп тайлағыш, 130 тасымалдайтын автокөлік, 10 трактор тіркемесімен жұмыс істеген.
Егістіктен мол өнім алу үшін су тапшылығы болмауы аса маңызды. Сондықтан бүгінгі таңда ауданда су тапшылығын болдырмау мақсатында кешенді жұмыстар жүргізіліп, жиын-терін науқанында шаруалар нәтижесін көріп отыр. Келесі жылдың қамы да назардан тыс қалмай, қазірден су тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.
Атап өтер болсақ, «Казсушар» мекемесі жобасымен «ПУИИД-2», «Европалық даму банкі» арқылы 553 шақырымды құрайтын 96 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Осы каналдар 14 556 га алқапты суландырады деп күтілуде. Ал өткен жылы ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 7 канал (Қаракемер, Ащыбұлақ, Бесағаш), аудандық бюджеттен 1 канал тазаланса (Қызылқайнар — Иманқұл каналы) 2021 жылы облыстық бюджеттен 4 дренажды (Шайқорық ст, Қоңыртөбе, Ащыбұлақ), аудандық бюджеттен Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Сұлтан каналын тазалауға және Аса өзенінің арнасын бөгеу жұмыстары жүріпті.
Әрине мұның барлығы шаруалардың игілігі үшін. Егер су мол болса, өнім де мол болады.