Жол жөндеу жұмыстары жандануда

0 182

Жол – экономиканың күретамыры. Соңғы бірнеше жылда облыста автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары қарқын алып, тұрғындардың қуанышын еселеуде.

Ағымдағы жылдың өзінде автокөлік жолдарын жөндеу бойынша 28 жоба жүзеге асуда. Жобалар аясында облыстық және аудандық маңызы бар 214 шақырым жол қамтылса қамтылса, қазіргі уақытта 120 шақырым жол жөнделіп үлгерген. Сала мамандары «Қырғызстан Республикасының шекарасына Тараз қаласының оңтүстік айналма жолы» автомобиль жолының құрылысы» жобасын аяқтап, Ерназар-Қойгелді аудандық маңызы бар автожолының учаскесінде апатты көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылы пайдалануға қабылданады.

– Сондай – ақ, өңірде облыстық маңызы бар жол учаскелеріне орташа жөндеу жүргізілуде. Атап өтер болсақ, Бірлік – Мойынқұм – Ұланкөл, Күйік – Қарабастау – Қаратау – Жаңатас – Саудакент, Ақкөл – Қойгелді, Тараз – Аса – Ақкөл – Саудакент, Б.Момышұлы – Көлтоған – Қошқарата – Қызтоған, Луговая станциясы – Қорағаты – тәтті, Тараз – Жетібай – Тегістік – Ойық, Ақкөл – Ойық – Ұланбел, Құмарық – Қызылту – Ақыртөбе, Құмарық – Юбилейное, Тараз – Сарыкемер – Түймекент-Ақшолақ. Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдарда да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Бесағаш – Юбилейный, Қаракемер – Қарасай-батыр – Еңбекші, Сортөбе – Аухатты – Қызылсай, Ақтоған – Қызыл Дихан, Меркі – Талдыбұлақ, Қызыл қыстақ – Арал Қыстақ, Қостөбе – Бурыл және Тараз – Талас станциясы жолдарының учаскелері қамтылды. Сондай-ақ Қордай, Қожағаппар, Шынбұлақ және Жайлаукөл ауылдарының кіреберістері жөнделді. Сонымен қатар, облыста елді мекендердің 136 көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның барысында 230 шақырымнан астам көше орташа жөндеумен қамтылды. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша жергілікті желі жолдарының 95 пайызын нормативтік жағдайға келтіру жоспарлануда, – дейді облысм әкімдігінің жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.

Сондай-ақ басқарма басшысы жол жөндеу жұмыстарының сапасы басты назарда екенін айтады.

– Автомобиль жолдарының сапасын, қауіпсіздігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізуді авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қатаң бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, сапа «Жол активтерінің Сапа орталығы» ШЖҚ РМК-мен тұрақты тексеріліп отырылады.

Атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын, жол жамылғысының қалыңдығын, қолданып жатқан материалдардың жобаға сәйкестігін тесеру мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Жол активтерінің Сапа орталығы» және «Жамбыл — адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасының мамандарымен бірлесіп, бақылау жұмыстары жүргізілді, – дейді Б.Жәнібеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.