Таластық «Мерейлі отбасылар» марапатталды

0 487

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2013 жылы бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Қоғамдағы отбасы мәртебесін көтеру, шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтауға бағытталған байқау жеңімпаздарын құттықтаған аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлы байқаудың Талас ауданы бойынша жеңімпазы атанған Тоқсанбаевтар және орын иегері жас отбасы Тұрсынбай отбасын марапаттап, өңірдегі отбасылық тәрбиені қалыптастыруға қосқан үлестері үшін айрықша алғысын білдірді.

Тоқсанбаевтар отбасы:
Отағасы — Токсанбаев Галым Турысбекович, 1968 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында дүниеге келген. Тараз қаласындағы училищеде наубайшы мамандығын бітірген. Қазіргі танда Талас ауданы әкімдігінің «Таза Талас» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қоғамдық жұмысшы болып қызмет атқарады.
Отанасы — Мамасерикова Айдын Жанабаевна, 1971 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Қаратау қаласындағы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ бухгалтерия және аудит мамандығын бітірген. 2001-2008 жылдары Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде маман болып қызмет атқарған. 2008-2011 жылдары «БТА Банк» қызметкері болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда Талас аудандық орталық ауруханасы жалпы терапия бөлімшесінің кіші қызметкері.

Жанұя құрғандарына 16 жыл. Бүгінгі күнде 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеуде.
Ұлы: Тұрысбек Әділет Ғалымұлы 2007 жылы туылған. Мектеп оқушысы.
Қызы: Тұрысбек Айым Ғалымқызы 2009 жылы туылған. Мектеп оқушысы.

Тұрысбек Әділет республикалық зияткерлік олимпиаданың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша орын иегері, «64» шаршы дойбыдан облыстық турнирдің жүлдегері және түрлі деңгейдегі сертификаттармен марапатталған.

Тұрысбек Айым халықаралық фестивалдарьдың «Хореография» жанры бойынша жүлдегері, халықаралық турнирдің математика пәніненорын иегері және түрлі деңгейдегі сертификаттар мен дипломдармен марапатталған.

Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері: әділдік, адамгершілік, кішіпейілділік. Балалардың ой-пікірлерімен санасып, олардың қызығушылықтарын қолдайды.

Тұрсынбай отбасы:

Отағасы — Тұрсынбай Мақсат Тоқтасынұлы, 1992 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Таеквандодан спорт шебері. Қазіргі таңда Талас ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің орынбасары қызметін атқарып келеді.
Отанасы — Байболатова Ақсұлу Қалмұхамбетқызы 1992 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылдары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі аға инспекторыболып қызмет атқарған. Қазіргі таңда «Волонтерлар», «Жас отбасы» клубының төрайымы, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының «Әйел және отбасы» секциясының жетекшісі, «Таластың сөнбес сәулесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Жас отбасы бүгінгі күнге 1 ұл, 3 қыз тәрбиелеуде. Жанұя құрғандарына 11 жыл.
Ұлы: Тоқтасын Нұрдәулет Мақсатұлы, 2010 жылы туылған. Мектеп оқушысы.
Қызы: Тоқтасын Гүлназ Мақсатқызы, 2012 жылы туылған. Мектеп оқушысы.
Қызы: Тоқтасын Гүлсезім Мақсатқызы, 2018 жылы туылған.
Қызы: Тоқтасын Раяна Мақсатқызы, 2019 жылы туылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.