Кепілдендірілген әлеуметтік топтама таратылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында ашықтықты, әділеттікті және еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін түзетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты Үкімет әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа механизмдерін енгізді. Мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмектердің бірі – кепілдендірілген әлеуметтік топтама.
Бүгін аудандағы атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік кепілдендірілген пакет таратылды. Кепілдендірілген пакетте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған. Азық-түлік тауарлары түрлі жарма, пюре, шырын, сүт және т.б. қамтиды. Бұл азық-түлік өнімдерін темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды. Азық-түлік жиынтығын балалар ай сайын алатын болады. Тіс пастасын, балаға арналған щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты тұрмыстық химия тауарлары тоқсанына бір рет ұсынылады.
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайларды ескере отырып, бекітілген шараларды қатаң сақтау біздің міндетіміз. Осыған байланысты мұқтаж отбасыларға өздерінің тиесілі азық-түлік және тұрмыстық химия тауарларын тарату барысында, барлық санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларға сәйкес жүргізілді, яғни тұрғындарды кезек кезегімен қабылдау, қашықтықты қатаң сақтау, бет пердесіз келмеуін қадағаланды.
Қаңтар айына кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1 жастан 6 жасқа дейінгі 997 балаға, яғни 1 жастан 3 жасқа дейінгі – 468 балаға, 3 жастан 6 жасқа дейінгі – 529 балаға өнім жеткізуші жеке кәсіпкер «Нишанова Гулзода Анарбаевнаға» азық-түлік жиынтығына тапсырыс беріліп, бүгінгі күнге 15 ауылдық округтерге тарату жұмыстары жүргізілуде.