Жолдау жүгін жұмыла көтеруіміз керек

0 180

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауы ерекше маңызға ие екенін айтқым келеді. Өйткені мұнда шешімін күткен бірқатар мәселелер айтылып, оны шешу үшін нақты жоспар құрылатындығы айтылды. Жолдау арқылы алдағы уақытта білім, денсаулық, мәдениет, экономика сынды маңызды салаларда да айтарлықтай оң өзгерістер болатынын байқап отырмыз. Бұл ең әуелі тікелей Үкіметке және ел тұрғындарына бағытталған жауапкершілік екені сөзсіз. Сол себепті де, біздің басты міндетіміз – қысқа уақытта аталған тапсырмаларды жүзеге асыру болып табылады. Ендігі мақсатымыз ауызбіршілікті сақтай отырып, жүктелген міндеттерді мүдірмей орындау үшін жұмыла жұмыс жасау. Жұртшылықтың жігерін жанып, сын-қатерлерден сүрінбей өтуге шақырған көшбасшымызға қолдау білдіруге баршамыз тиіспіз. Президент Жолдауы барлық отандастарымыздың болашаққа деген сенімі. Бұл жолғы Жолдау да ерекше, оның міндеті де зор, барлығымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Ал, аталған Жолдауға қоғамның қолдау көрсетуі бұдан да артық нәтижелерге қол жеткізуге және әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуге өз септігін тигізетініне кәміл сенемін.

Д.БАЙБАТШАЕВ,
Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.