Шаршы алаңда атой салған Дана
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Естеріңізде болса, осыдан бірнеше ай бұрын Польшаның Кельц қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтіп, сол жарыстан жерлесіміз, талантты боксшы ару Дана Дидай 75 келі салмақ дәрежесінде сәтті жұдырықтасып, күміс медаль иеленген еді ғой. Сонда Дана финалда тек үндістандық Тхочем Санамача Чанудан жеңілуге мәжбүр болды. Олай дейтін себебіміз, төрешілер осы кездесуде Дананың дөп соққыларына көз жұма қарады. Сөйтіп әділетсіз шешім шығарды
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Жуырда әлем бойынша туристер көп баратын Дубай қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Дана Дидай да қатысты. Дубайда өткен айтулы додада 18 мемлекеттің спортшылары бақ сынады. Жеңілгендерінің салы суға кетіп, «келесі жолы көрерміз» дегендей, тістеніп елдеріне қайтты. Ал жеңгендері елдеріне марқайып, жүлдемен оралды. Сол жеңгендердің қатарында Дана қарындасымыздың болғаны қандай қуаныш десеңізші!
Кез келген қарсылас соққысынан именетін еліміздегі теңдессіз жас спортшы кім десеңіз, дәл осы Дана Дидайдың есімін атар едік. Олай айтуымызға да мысал мың. Өйткені, Дана өзі қатысқан жарыстың барлығынан жүлдемен оралып жүр. Сен мықтысың, Дана! Елің саған сенеді.
Отандасымыз Геннадий Головкинді өз кумиріне балайтын Дана Дидайдың алға қойған мақсаты көп. Әлбетте, ең бірінші кезекте – Олимпиада шыңы. Ендеше жерлесіміздің мақсаты орындалсын. Біз оған сенеміз. Жас бұрымды арудың шаршы алаңда әрдайым жолы болып, мерейі үстем бола берсін.
