Халық тұрмысын жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жолдаған болатын. Маңызды құжатта елімізді алдыңғы жылдарда дамытудың стратегиялық басым бағыттары айқындалған. Әлеуметтік-экономикалық даму, денсаулық сақтау, білім, өңірлік саясат, саяси жаңғыру, азаматтардың құқығын қорғау, аграрлық секторды жандандыру, экожүйе қалыптастыру мәселелеріне баса мән берілген. Түрлі салада қызмет ететін азаматтардың жалақысын көтеру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Негізгі мақсат – халықтың тұрмысын жақсарту, саяси реформаларды тиімді жүзеге асыру, түрлі салаларда қордаланған түйткілдерді шешу
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Дүйсенбі күні құрамында аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Жаңабай Миллионов бар топ Ерназар ауылдық клубында ерназарлықтармен кездесті.
Басқосуда сөз саптаған Жаңабай Миллионов Президент Жолдауында біздің қоғамның ең өткір және шұғыл мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралардың көрініс тапқанын, ел азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, еліміздің дамуы, стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуі ұлт болып ұйысып, бірлесіп әрекет етуімізге байланысты екендігін алға тартты. Пандемия кезіндегі білім беру саласына қатысты ой-пікірімен бөлісіп, елдегі білім сапасына, ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық білдірді. Ұстаздар балаларға жанашырлықпен қарап, білім деңгейін көтеруге атсалысса деген ойын айтты.
Өз кезегінде Олжас Елебекұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін тілге тиек етсе, Мадияр Әбілханұлы аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға кеңінен тоқталып өтті.
Ел Президентінің биылғы Жолдауын алдыңғы Жолдаудың идеяларын нақтылап, дамыта түскен және оны еліміздің жаңғыруы мен халық өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған, нақты фактілерге негізделген сындарлы бағдарлама ретінде қабылдау қажет. Ерназарлықтар келелі кездесуден осындай тұщымды ой түйді.
Карантин талаптары сақталған жиынды Ерназар ауылдық округінің әкімі Қайрат Адилов қорытындылады.
Сол күні Жолдау бойынша кездесулер өзге де ауылдық округтерде ұйымдастырылды.