Дала төсі дүбірге толы

0 547

Жамбыл облысының экономикасын алғасы сүйреген қос саланың бірі өнеркәсіп болса, екіншісі – ауыл шаруашылығы. Сол секілді облыс орталығы – Тараз қаласымен іргелес жатқан Байзақ ауданының да экономикасы ауыл шаруашылығы саласының дамуымен тікелей байланысты. Биыл аудынның агроөнеркәсіп кешешінің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар нәтижесі төмендегі көрсеткіштермен сипатталады.
2021 жылдың маусым айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9 млрд. 518,1 млн. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 103,5 % құрады. Ал, 2021 жылдың маусым айында ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6 млрд. 139,5 млн. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында 128,1 % құрады, — дейді бізге берген ақпаратта аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Ақжолов.
Ағымдағы жылы аудандағы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жерлерінің көлемі 59 551 гектарды құраса, оның 30 230 гектары суармалы, 29 322 гектары тәлімді жер болып табылады.
Жалпы, егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында қант қызылшасы, көккөніс — бақша, арпа және мал азықтық дақылдарына басымдық беріліп, көлемі арттырылған. Атап айтқанда, күздік бидай 8 730 гектарға, жаздық арпа 12 730 гектарға, дәндік жүгері 2 001 гектарға, дәнді бұршақ 50 гектарға, майлы дақылдар 1 157 гектарға, қант қызылшасы 1 500 гектарға, картоп 700 гектарға, көкөніс 5 498 гектарға, бақша 1 760 гектарға, таңқурай, құлпынай дақылдары 35 гектарға және мал азықтық дақылдары 25 390 гектарға  (5 589 га  жаңа көп жылдық шөп, 19 551 га ескі көп жылдық шөп және 250 га сүрлемдік жүгері) орналастырылыпты.
Үстіміздегі жылдың өніміне 8 730 гектар күздік бидай және 12 730 гектар жерге жаздық арпа, барлығы аудан көлемінде 21 460 гектарға масақты дәнді дақылдар егілген.
Аудан бойынша шаруашылықтар егін орағын 25 маусым күні бастап кеткен. Бүгінгі күнге, егін орағына күнделікті 38-40 дана астық комбайндары қатысуда. Сонымен қатар, алтыншы тамыздан бері аудандағы 196 шаруашылық егін орағын бастап, 20 992 гектар (97,8%) масақты дәнді дақылдарды орып, одан жалпы 30 648 тонна өнім алынып (бункерлік салмағы), әр гектардан орташа түсім 14,6 центнерді құрап отыр. “Қыстың қамын жазда ойлаған” аудан шаруалары уақытылы егіндерді жинап алу жолында еңбек етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.