Мелекеттік бағдарламаның мол мүмкіндігі

0 522

Таластықтар мүмкіндігі мол мемлекеттік бағдарламалардың, жобалардың игілігін көріп, шарапатын сезінуде. Кейінгі жылдары ауданда кәсіпкерлікке бет бұрушылардың қатары еселеп көбейіп, тиісінше облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосуда.

Әсіресе «Бизнес жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы мен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы көптің кәдесіне жарауда. Талас ауданында 2021 жылы өнеркәсіп салаларын және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Жол картасымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша орындалуға 16 жоба жоспарланып, 22 жоба іске асырылған. Бағдарламаның несиелер бойынша пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен берілетін портфельдік субсидиялау бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатында несие алу үшін ауданнан «Халық банк» АҚ және «Сбербанк» АҚ арқылы 37,7 миллион теңге қаражатқа 10 кәсіпкер қол жеткізген.

«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша ауданнан аталған бағдарлама аясында 58,7 миллион теңгеге 12 жобаға өтінім беріліп, оның ішінде 44,2 миллион теңгеге кепілдік сомасы беріліпті. «Береке» несиелеу бағдарламасы бойынша 2021 жылдың басында өңірлік «Береке» несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруға 3 банк қатысушы ретінде саналып, «Халық банк» АҚ – 200 миллион теңге, «Сберанк» ЕБ» АҚ – 300 миллион теңге, «Форте банк» АҚ – миллион теңге қаражат бөлген. «Береке» несиелеу бағдарламасы аясында несие алу үшін сәуір айында ауданның Қаратау қаласынан 25,0 миллион теңгеге 2 жоба «Сбербанк» ЕБ» АҚ-на құжаттарын жинақтауда.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на Талас ауданынан 115,1 миллион теңгеге 35 жоба оң шешім алған.

Ауылдық жерлерден несиеге оң шешім алған жобалардың иелерімен мал шаруашылығын дамыту бағытында барлығы 39 бас мүйізді ірі қара, 439 бас уақ мал, 102 бас жылқы малы сатып алынған. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде моноқала-Қаратау қаласынан да 147,0 миллион теңгені құрайтын 16 үміткердің тізімі жинақталып, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нажолданыпты. Бағдарлама аясында несие алғандардың арасында 4 әйел кәсіпкер, 8 жас кәсіпкер бар.

Бұдан бөлек «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Сыбаға бағдарламасы» аясында 154,3 миллион тенгенің 9 жобасы іске асырылған.

Мемлекеттік бағдарламалар аудан экономикасының өркендеуіне, тұрғындардың табысының артуына мұрындық болуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.