Сенімгерлік басқару – сапаға жұмыс істеуі тиіс

0 340

Облыс әкімдігінде коммуналдық ұйымдарды оңтайландыру, жеке меншікке сатылып кеткендерінің жағдайы, пайдаланылмай отырған ғимараттардың мәселелері қаралды.

Облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырхан Әкектің айтуынша, облыс бойынша қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыратын 80 ұйым бар. 2020 жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша 63 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның 58-і жылды оң нәтижемен аяқтап, жалпы сомасы 721,4 миллион теңге таза кіріспен шыққан. 2019 жылмен салыстырғанда таза табыс мөлшері 378,8 миллион теңгеге көбейген.

Өткен 2020 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық меншікті басқарудан 154,3 миллион теңге түсімдер жоспарланып, нақты 173,9 миллион теңге түсіп, жоспар 113 пайызға орындалыпты. Ал ағымдағы жылдың 6 айында коммуналдық меншікті басқарудан 84,1 миллион теңге көзделіп, нақты 107,9 миллион теңге түскен.

Ал жекешелендіруге келсек, мұндағы мақсат – мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарды бәсекелес ортаға беру және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту. Жамбыл облысы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары орындалды. Тек іске асырылмаған Тараз қаласы әкімдігінің «Жасыл Ел Тараз» ЖШС. Ол жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес Бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың тізбесіне енгізілді.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «№7 қалалық емханасы» КМК-сын сенімгерлік басқаруға алған «ДариМед» медициналық орталығы» өзіне алған міндеттемелерді орындамауына байланысты, онымен жасасқан келісімшарт соттың шешімімен бұзылған. Өйткені, бүгінгі таңға аталған кәсіпорынның материалдық-техникалық базасы ең төменгі жағдайда тұр. Ал, сәйксеніше№1, №3, №4 қалалық емханалардың жағдайы оңтайландырлды. Қазіргі уақытта бұл ұйымдар медициналық құралдармен жабдықталып, ұсынылатын қызметтер сапасы артқан.

Биылдан бастап 2025 жылға дейін облысымызда 28 ұйым және «Тараз» «ӘКК» АҚ-ның 5 ұйымы жекешелендіруге берілмекші. Жекешелендірудің кешенді жоспарына елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ететін ұйымдар енгізілді.

Коммуналдық ұйымдарды сенімгерлік басқаруға, жекеменшікке берілгенде келісілген міндеттерді алушы орындауы керек. Олардың орындалуын қадағалауға тиіспіз. Әйтпегенде ондағы мүліктер талан-таражға түсіп, халыққа көрсететін қызметінің сапасын төмендетуі мүмкін, бұндайға жол берілмесін, – деді жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.