Халық санағы тиісті деңгейде өтуі қажет

0 223

Биыл 1 қазан мен 30 қазан аралығында ұлттық санақ өтетін болады. Осыған орай облыс әкімдігінде санақты тиісті деңгейде өту барысы пысықталды. Жиында бұл науқанға тікелей жауапты облыстық стаитстика департаментінің басшысы Сырым Мадиев баяндама жасады. Баяндамашы сөзіне сүйенсек, Жамбыл облысында халық саны 1 млн 120 мың 290 адамды құрайды. Алда өткізілетін халық санағының негізгі 2-ші кезеңін екі әдіспен, яғни интернет-сауалнама және жалпылама сауалнама ретінде өтеді.

Жиында бірқатар мәселелерсөз болды . Мәселен,  халық санағының 1-кезеңіндегі тәжірибе көрсеткендей, жұмыспен қамту орталығынан компьютерлік бағдарламаларды білмейтін, планшеттерде жұмыс істей алмайтын мамандар жіберілген. Бұл жұмыс үшін студент, оқытушы секілді білімді жастар қажет. Барлық санақ персоналы вакцинациядан өтуі керек. Сондай-ақ ұлттық санақтың 1-кезеңінде Тараз қаласындағы автобус жүргізушілерінің тарапынан түсінбеушілік салдарынан кедергілер болғаны айтылды.  Бұл бойынша Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев облыс орталығындағы барлық автопарктермен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Санақтан бір де бір азамат қалып кетпеуі керек. Себебі, әрбір тұрғын үшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет, оған жұмсалатын қаржы бар» деп, жұмыстың тиянақты жүргізілуін тапсырды.

Жиында жұмыспен қамту бағдарламасы аясында биылғы жылы атқарылған жұмыстар барысы да талқыланды. Екінші мәселе бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсел Шаймерденова биылғы жылға облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында барлығы 18,7 миллиард теңге қарастырылғанын айтты. Оған жалпы құны 9,5 миллиард теңгені құрайтын 29 инфрақұрылымдық жобалар іріктелді.

 Инфрақұрылымдық жобалардың 9-ы әлеуметтік-мәдени нысандары, 20-сы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 704 уақытша (487 тұрақты) жұмыс орны құрылып, оның 560-ы халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы тартылатын болады. Бүгінгі күнге, 109 жұмыс орны құрылып, оның 87-і халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы тартылды.

Жиында өңір басшысы Бердібек Машбекұлы аталған 29 жоба тек Тараз қаласы мен 5 ауданда, одан басқа аймақтар ешқандай жоба ұсынбағанын сынға алып, себебін сұрады. Өйткені, жобалар тек облыс орталығы  мен Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұловтан басқа аудандарында ғана іске асуда. Ал, қалған әкімдер, не қарап отыр деп, әкімдердің жұмысына сын айтты. Мәселе, тек аудандарда ғана емес, күз таяп қалсада басқарма битылғы жылы атқаруға тиіс тапсырманы небәрі 11 пайызға ғана орындаған. Осылайша кезекті жиында жауаптылардың сылбыр трліктері сынға алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.