Жаңа жоба білім беру саласын дамытуға жол ашты

0 166

Жамбыл облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары  білім беру саласында белсенді дамуда. 2017 жылдан бері өңірде жалпы сомасы 8 миллиард 600 миллион теңгені құрайтын 70 жоба бойынша келісім-шарт жасалған болса оның тең жартысы білім беру саласына тиесілі.

˗ Білім саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының 34 жобасы шығындарды толық өтеу арқылы жүргізілді. Шу қаласында 150 орындық «Астана» және 50 орындық «Балапан» бала-бақшаларын сатып алу құқығымен жалға алу бойынша  жалпы сомасы 276,4 миллион теңгеге келісім-шарттар жасалды.

Білім беру мекемелерімен бірге ондағы қызмет көрсету жобалары да аталған бағдарламаның үшінші санаты бойынша жүргізілуде. Сол арқылы  мектеп асханалары толықтай жаңғыртудан өтті.

2019 жылдан бері 26 мектептің асханасына  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтылды. Қазір бұл нысандар сенімгерлік басқаруға берілген.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі ұйымдарда көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін қаржыландырудың ваучерлік тетігін енгізу пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта бұл жобаны  барлық өңірлерде кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланғанын ескерсек, қазірдің өзінде өңірдег 7 жеке бала-бақшада мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жобасы бойынша қосымша келісім-шарт жасасуды тоқтатуды ұсынып отырмыз.

Өңірдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары «тікелей келіссөздер жүргізу» және «конкурсқа жариялау» тәсілдерін пайдалана отырып, іске асырылып жатқанын айта кеткен жоқ, ˗ дейді облыс әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Надира Жолдасбекова.

Қазақстан  Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары экономиканың барлық саласында табысты жүзеге асырыла бастады.

Әсіресе білім беру, медицина, дене шынықтыру және спорт  сервистік қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері бұл жобаның тиімділігіне қазірдің өзінде көз жеткізіп үлгерді. Бұл жоба жекелеген салалардың дамуы үшін экономикалық тиімділікті арттыру, материалдық ˗техникалық базаны нығайту, ресурстарды оңтайлы басқару сынды мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Өңірде жоба іске асырылған 4 жыл ішінде оның экономикалық тиімділігін аңғарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.