Партия облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен «Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтуде

0 8

«AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты бір жыл бұрын құрылған болатын. Мақсаты белсенді әйелдердің басын қосып қана қоймай, шешім қабылдауға және жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті көшбасшы әйелдердің жаңа буынын қалыптастыру.

Осы мақсатта партияның өңірлік Әйелдер қанаты облыстық әйелдер күші Альянсымен және облыс әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп «Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебінің» жұмысын бастауда. «Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбындағы семинар саяси көшбасшы әйелдер дайындау мақсатында өтуде.

Екі күнге созылатын аталмыш курс әйелдерді қоғамдық-саяси, заң шығарушылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен атқарушы билік органдарына болашақта тағайындауға дайын болу үшін кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған. Әрі бұл шара жетекші әйел саясаткерлермен тәлімгерлік бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі, семинарға аудандар мен Тара қаласынан 35 әйел қатысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.