Зерттеу жұмыстары нәтижесін беруде
Былтыр күзде, осы жылы көктем айларында Т.Рысқұлов аудандағы ауыл шаруашылығы алқаптарына аудандық фитосанитария мамандары зерттеу, мониторинг жүргізген болатын. Соның нәтижесінде зиянкестердің, шегірткелердің дербісінәлілдері жылдағыдан өте төмен екені (аздығы) анықталыпты. Бұл жыл сайын алқапты зиянкестен қорғау мақсатында жүргізіп отырған жұмыстардың нәтижесі екені даусыз.
Жалпы алдымен алқаптағы зиянкестердің орналасқан аумағы, әр 1 шаршы метрдегі саны (кординаты) анықталатыны белгілі. Сосын барлық шаруашылық басшыларына бұл туралы толық ақпарат беріледі. Осылайша зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары ұшақ арқылы және жерден шашу арқылы жүргізіледі. Осы үрдістен аудан жаңылмай келеді.
Аудандағы астық не басқа да дақылдар бойынша жиналатын егіс көлемі – 120553 гектар екен. Жиын-терім уақытында қолда бар ырзықты шашпай-төкпей жинап алу үшін аудандағы 209 егін комбайны, 86 доңғалақты трактор, 140 дана автокөлік, 45 су таситын және 37 қызметтік автокөліктер дайындалып, егін ору науқанына қатысуда. Бүгінгі күнге 339 гектар егін орылып, 3729 тонна өнім алыныпты.
Астық қабылдайтын қырмандар мен астық қамбалары тазаланып, дәрілу, әктеу жұмыстары жүргізіліпті. Астық түсетін қырмандар тазаланып, таразылар мен қондырғылар жөнделіпті. Егінннің, жалпы иен даладағы өсімдіктің жауы өрт екені белгілі. Ауданда осы жылдың өнімі үшін 657 агроөнеркәсіптің сепкен егістік алқаптарын айналдыра, ені 4 метрден асатын жолақ ретінде айдау, егістікте жұмыс атқаратын барлық ауыл шаруашылығы техникаларында өртте қолданатын құрал-саймандардың болуы қатаң ескертіліп, бұл өз кезегінде орындалған екен. Дала қостарында дәнекерлеу жұмыстары кезінде, тракторлардан от шығып кетпеу үшін барлық сақтық шаралары қатаң сақталу назарда ұсталып отырса керек.
Ааудандағы ауыл шаруашылығы бөлімнің ұйымдастыруымен және ауыл шаруашылығы мекемелерінің қатысуымен жыл басында мамандар барлық ауылдарды аралап, шаруалар арасында «Агрооқыту сабағы» өткізіліпті. Осы «Агрооқыту сабағында» қатысушыларға ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістер мен жаңалықтардан хабар беріліп, масақты дақылдардың орнына өнімділігі мол, өзіндік құны жоғары дақылдар егу және олардың тиімділігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті.
Қорыта келгенде аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыстарды жүргізу іс-шарасы дайындалып, кезінде ауыл аймақ әкімдіктеріне таратылып беріліпті. Сондай-ақ барлық мәліметтер жинақталып, нақты жұмыстар көрініс тапқан. Қазір де бұл бағыттағы тиісті жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылып жатыр екен.