Білім саласы басты назарда

0 392

Білімсіз елдің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан да кез келген мемлекет елдегі білім мен ғылым саласын дамытуға барынша күш салады. Өйткені білім бар жерде болашақта бәсекеге қабілетті мамандар көптеп шығады. Ал бәсеке бар жерде даму болатыны анық.

Т.Рысқұлов аудан бойынша 2020-2021 оқу жылы бойынша 38 күндізгі жалпы білім беретін мектепте 14 912 оқушы білім алып жатыр. Мұнда 24 балабақшаның 14-і мемлекеттік, 9-ы жекеменшік. 14 шағын орталықта 2637 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында 88,2 пайызды, 3-6 жас аралығында 100 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша 1980 педагог қызмет етеді. Оның ішінде жоғары білімді ұстаз – 1865, орта арнаулы білімдісі – 115. Сапалық құрам – 54,1 пайызды құрайды екен.

– Ауданда 38 мектепте санитарлық қағидалар толықтай сақталған.

Білім беру мекемелерінің оқу кабинеттері мен ішкі санитарлық тораптары барлық санитарлық талаптарға сай.Сондай-ақ, барлық мектептер мен балабақшаларда бейнебақылау құралдары орнатылған. Осы жылы бөлінген бюджет есебінен Ю.Гагарин атындағы негізгі мектеп пен Ә.Бөкейханов атындағы орта мектеп және М.Горький, Т.Рысқұлов, №3 орта мектептерге бейнебақылау камералары 21 миллион 784 мың теңгеге орнатылды, – дейді аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Майра Базарова.

Аудан бойынша білім беру мекемелерінде ерекше білім алуды қажет ететін 108, мектепте инклюзивті білім алатын 56 оқушы бар екен. Олар 100 пайыз оқулықпен қамтылған көрінеді.

Осы жылдың қорытындысы бойынша 38 мектептің барлығына, 14 мемлекеттік балабақшаны қосқанда, 24 балабақшаға инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға 401 мұғалім

Мектебі жоқ елдімекендерден 318 оқушы 12 тасымалданады екен.

Оларды таситын бес автобустың да жағдай жақсы. 2010 жылы Жамбыл орта мектебі 5 500 000 теңге, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы да осыншама сомаға 2 автобус сатып алған еді. 2013 жылы М.Әуезов атындағы орта мектеп 5 200 000 теңгеге бір, былтыр 2 автобус сатып алды.

Т.Рысқұлов ауданы бойынша 2020-2021 оқу жылында 28 орта мектепте 11 сыныпты 712 оқушы бітіріті. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша ауданның орташа баллы 73,5 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 88,9, өткен жылы 56,6 пайызды көрсеткен көрінеді. Дегенмен өсім 16,9 пайызға жеткен. 29 мектептің санитарлық тораптары ішке орналастырылып, бұл мәселе толық шешімін тауыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.