Құрылыс саласы қарқынды жүруде

0 176

Жамбыл облысында кейінгі бірнеше жылда құрылыс саласының бойына қан жүгіріп, қамшы салдырмас екпінмен алға озды. Әр жылдары облыс орталығының әр аумағында, аудан орталықтарында, елді мекендерде ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар істелуде.

Жоспарлы жұмыстар ағымдағы жылы да саябырсыған жоқ. 2021 жылы құрылыс басқармасы арқылы сметалық құны 146,7 миллиард теңгені құрайтын 207 жобаға бюджеттен 67,6 миллиард теңге бөлініп, іске асырылуда (2020 жылы 55,4 миллиард теңгеге 235 жоба, оның 160-ы пайдалануға қабылданды, 71-і өтпелі). 2021 жылы 150 нысанды тапсыру жоспарлануда.

Жекелей тоқталар болсақ, ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысына 21,9 миллиард теңге бөлінген. Жалпы ауданы 313,8 мың шаршы метрді құрайтын (4482 пәтерлі) 76 көп қабатты үй (39 – жалға берілетін, 37 – кредиттік) салынады.

Биыл бюджет есебінен 1402 пәтерлі 30 арендалық және 1500 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Нәтижесінде 2902 отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Жалпы жыл басынан бері 13 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сонымен қатар 2021 жылы сметалық құны 22,0 миллиард теңгені құрайтын 26 білім нысаны салынуда (11-і 2020 жылдан өтпелі). Атап айтқанда, 19 мектеп, 5 мектепке және 1 колледжге жапсарлас ғимарат құрылысы, 1 мектепті абаттандыру жобасы жүргізіледі. 2021 жылға 11068,3 миллион теңге қаржы қарастырылған. 2021 жылы 14 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 1 нысан, Тараз қаласындағы «Мейірім» мектеп-интернатына жапсарлас ғимарат құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген.

Ал денсаулық сақтау саласындағы 10 нысанға 16,0 миллиард теңге (сметалық құны – 31,0 миллиард теңге) бөлінсе, жыл соңына дейін төртеуі тапсырылады. Сонымен қатар спорт саласында 11 нысанға 2,7 миллиард теңге бөлінген. Мұның жетеуі жыл соңына дейін тапсырылады.

Бұдан бөлек мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларында да бірқатар нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Аталған жобалардың 131 нысаны «Нұрлы жер» (32,0 миллиард теңге), 23-і «Жұмыспен қамту» (8,6 миллиард теңге) мемлекеттік бағдарламалары арқылы, 17-і «Ауыл — Ел бесігі» (3,4 миллиард теңге) жобасы, 35-і өзге даму бағдарламалары бойынша (13,4 миллиард теңге) және 1 нысан құрылысы Үкімет резервінен (10,2 млрд.тг) жүргізілуде.

Құрылыс басқармасы тапсырыс беруші болып, сметалық құны 66,7 миллиард теңгені құрайтын 43 жобаның құрылысын жүргізуде. 2021 жылға 29,1 миллиард теңге бөлінген. (2020 жылы 8,8 миллиард теңгеге 19 жоба іске асырылған).

Міне, осылайша баянды бағдарламалар мен жарқын жобалар аясында құрылыс саласы қарқын алып, халықтың қуанышын еселеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.