«Қызыл аймақ»: Таразда карантин шаралары қайта күшейтіледі

0 228

Жамбыл облысы шілденің 18-інен бері «қызыл аймаққа» енгені белгілі. Арада 2 жұма өтер-өтпес уақыттан соң қауіпті тізімге облыс орталығы да ілінді. Осыған орай бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаевтың және Тараз қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рита Алтынбасованың қатысуымен шұғыл брифинг өтті.

Алмас Қадірбекұлының айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың 30 шілдесінде Тараз қаласы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №9 қаулысы шығарылған. 3 тамыздан бастап күшіне енетін құжатқа сәйкес көне шаһарда бірқатар тыйымдар енгізілмек.

– Жылдың 1 қаңтарынан бастап коронавирус инфекциясына шалдығудың 4 888, пневмониямен ауырудың 1 842 жағдайы тіркелді. Бас аяғы – 6 730 дерек.

Әсіресе, өткен айда COVID жұқтырушылар саны еселеп өсіп, КВИ-дің 1 814, пневмонияның 265 жағдайы анықталды. 1 тамыздың өзінде облыс орталығында 186 азаматтан індет белгілері табылды. Салыстырып алатын болсақ, өткен жылы коронавирустық инфекция мен пневмонияның 2 260 жағдайы тіркелген еді, – деген шаһар басшысының орынбасары індет таралуының көрсеткішін айлар бойынша жіктеп атап өтті.

Мәселен, жылдың алғашқы айында коронавирусты 283 адам жұқтырса, 198 тараздық пневмониямен ауырған. Ақпан айында КВИ-дің – 220, пневмонияның – 164, наурызда КВИ-дің – 201, пневмонияның – 110, сәуірде КВИ-дің – 909, пневмонияның – 344, ал мамыр айында КВИ-дің – 721, пневмонияның – 547 дерегі анықталған. Тек маусымда 402 коронавирус жұқтыру және өкпе қабынуының 224 дерегі тіркеліп, вирустық инфекцияның таралу динамикасы бәсеңдегендей болғанымен, шілдеде ахуал қайта өршіп, жоғарыда айтылған деңгейге жеткен.

– Аталған жағдайға тұрғындардың сақтық шараларын сақтамауы тікелей әсер етіп отыр. Өйткені, өткен жұма мен жексенбі аралығында мониторингтік топтардың қала бойынша жүргізген рейдтері барысында 42 той тоқтатылды. Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігі тарапынан құрылған мониторингтік топтар қалада орналасқан кәсіпкерлік субъектілеріне рейдтік жұмыстарын күнделікті  жүргізуде. Қазіргі таңда облыс орталығы бойынша жұмыс істеп тұрған қоғамдық орындар толық назарға алынды. Әсіресе шаһардағы 74 мейрамханада жиын-тойлардың ұйымдастырылмауын қадағалау мақсатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолдауымен әр мекеменің жұмысын 3 сарбаздан бақылайтын болады, – деді А. Садубаев.

Келесі кезекте сөз алған Рита Өмірханқызы індет жұқтырушылар санының көбеюін вирустық инфекцияның мутацияға ұшыраған «Дельта» штаммының таралуымен байланыстырды. Оның сөзіне сүйенсек, жұғу жылдамдығы жоғары инфекцияның бұл түрі бір адамнан 5-6 адамға бірден таралады екен. Сондай-ақ, Р. Алтынбасова инфекцияның жас таңдамай жұғып жатқанын да атап өтті. Мысалға, өткен жылы КВИ жұқтырушылардың негізгі жас мөлшері 50-ден асқан азаматтар болса, «Дельта» штаммы жаңадан туған нәрестеден бастап, еңкейген қарияларға дейін шарпып жатқан көрінеді.

Баяндамасы барысында Жамбыл облысы орталығындағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы ертеңнен бастап күшіне енетін қаулыға сәйкес енгізілетін шектеулерге де тоқталып өтті. Мәселен, жаңа талаптарға сәйкес 3 тамыздан бастап шаштараз, сұлулық салоны секілді қызмет көрсету орындары алдын ала жазылу бойынша ғана жұмыс істесе, базарлардың жұмысы жексенбі күні толықтай тоқтатылмақ. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер де жексенбі күні қатынамайды. Ал мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд және компьютер клубтары секілді көңіл көтеру мекемелері түгелдей жабылады. Мешіттерде жұма намазына жиналуға тыйым салынып, еске алу мен ас беру секілді діни рәсімдерді де өткізуге рұқсат жоқ. Ал Ashyq қосымшасын пайдаланушы мекемелерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Қаулыға байланысты енгізілген шкетеу шараларымен толықтай келесі кестелерден таныса аласыздар:

Әлеуметтік –экономикалық объектілердің жұмысын шектеу шарттары

нысандар/салалар  
1. Өнеркәсіп +
2. Құрылыс (тұрмыстық жағдайда байланыс болмағанда) +
3. Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы +
4. Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т.б.). +
5. Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т. б.) +
6. Гүл дүкендері, фотосалондар +
7. Медициналық ұйымдар, дәріханалар +
8. Мұражайлар, кітапханалар +
9. Балалар түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары

топты толтыру кезінде-15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша

топты толтыру кезінде15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша

10. Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін маникюр және педикюр қызметтері (жазба бойынша).

алдын ала жазылу бойынша

алдын ала жазылу бойынша

11. Азық-түлік дүкендері, минимаркеттер +
12. Супермаркеттер, гипермаркеттер +
13. Азық-түлік емес дүкендер (бөлек тұрған)

ауданы 2000 ш. м. дейін

 

14. Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

 

жексенбі

күндерінен басқа

15. Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес).

 

Сенбі, жексенбі

күндерінен басқа

16. Халыққа қызмет көрсету ұйымдары (қонақүй, санатория- курорттық ұйымдар, демалыс үйлері, туристтік базалар және т.б.)

толтырылған кезде

80 пайыздан артық емес

17. Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

алдын ала жазылу бойынша

18. Қоғамдық көлік

жексенбі   күні тыйым салынады

19. Банктер, ХҚКО, «Қазпошта»АҚ бөлімшелері

уақыт бойынша

шектеу 9.00.-18.00.дейін

20. Мектепке дейінгі мекемелер

кезекші топтарда 15 адамнан аспайтын топтың жинақталуын сақтаған кезде

21. Ұйымдар, кеңселер

80% — қашықтағы режим;

20% — күндізгі режим

22. Діни нысандар

ұжымдық іс-шаралар өткізбей

23.  

Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша.

 

толтырылуы 50% — ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын 9.00-ден 20.00-ге  дейін жұмыс істеуге рұқсат

24. Жазғы алаңдар

 

толтырылуы 50% — ға дейін, жұмыс істеуге рұқсат сағат 9.00.-ден 20.00-ге дейін

25. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілері

толтырылуы 50% — ға дейін, сағат 09.00 ден 20.00-ге дейін

26. Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) + +
27. Монша

толтырылуы 80% — ға дейін, сағат 09.00 дан 20.00-ге дейін

28. Сауналар

сенбі,

жексенбі күндерінен басқа

сағат 09.00 дан 20.00-ге дейін

29. СПА орталықтары, бассейндер

сенбі,

жексенбі күндерінен басқа

сағат 09.00 дан 20.00-ге дейін

30. Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустар) қозғалысы
31. Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтар, оның ішінде йога орталықтары

сенбі, жексенбі күндерінен басқа

09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат,

 

32. СОО, сауда үйлері, сауда желілері

сенбі, жексенбі күндерінен басқа

09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат,

 

33. Мәдениет объектілері (дайындық)
34. Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар
35. Облысаралық тұрақты емес (туристтік) тасымалдар
36. Қалалық тұрақты емес (туристтік) тасымалдар
37. Бильярд клубтары
38. Компьютерлік клубтар
39. Боулинг
40. Балалар ойын- сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар)
41. Ашық аттракциондар жексенбі күндерінен басқа

сағат 09.00 дан 20.00-ге дейін

 

42. Балаларды сауықтыру ұйымдары толымдылығы 30 пайыздан артық емес
43. Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу
44. Еске алуды өткізу
45. Банкет залдары
46. Түнгі және ойын клубтары
47. Караоке
48. Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар
49. Көрмелер

 

 

 

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу шарттары

 

Объектілер / салалар  
1 Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша

50% — ға дейін толтырылған кезде 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат , 50 орыннан артық емес

 

Жазғы алаңдар

50% — ға дейін толтырылған кезде 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Фуд-корттар

бірақ 30 орыннан аспайтын, сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

Банкет залдары

(еске алуды өткізу)

 

Банкет залдары

(мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету).

      —

 

2 Сауналар 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
3 СПА-орталықтар 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
4 Бассейндер 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
5 Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтар 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат
6 Мәдениет объектілері (дайындық)

30 адамға дейін, сондай-ақ екі  компонентімен вакцинацияланғантұлғалар

7 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, толымдылығы 30% — дан аспайтын
8 Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар толымдылығы 50% — дан аспайтын
9 Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар толымдылығы 50% — дан аспайтын
10 Бильярд клубтары

жұмыс режимі сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін 30% — дан артық емес толтырылған кезде.

11 Компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары

жұмыс режимі сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін 30% — дан артық емес толтырылған кезде.

12 жасқа толған және одан асқан адамдарға ғана рұқсат етіледі

 

12 Боулинг

жұмыс режимі сағат 12.00-ден 20.00ге дейін 30% — дан артық емес толтырылған кезде.

13 Караоке

толтырылуы 50% — дан аспайтын, бірақ 30 адамнан аспайтын 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

14 Көрмелер

бір адамға 6 ш. м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден артық емес алаңды қамтамасыз ету кезінде толымдылығы 70% артық емес

15 Марафондар (ашық ауада)
16 көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу
17 Ерікті қатысушылар (ЖОО, киноиндустрия, банктер, ұйымдар, офистер және басқалар) жеңілдіксіз
18 Лотерея клубтары және лотереяны өткізудің өзге де нүктелері

бір адамға кемінде 4 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде,

12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

19 Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), ауданы 1000 ш. м.

бір адамға кемінде 10 ш. м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде,

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Балалар ойын-сауық орталықтары (жабық), ауданы 1000 ш. м. және одан жоғары

бір адамға кемінде 10 ш. м., бірақ 60 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету кезінде,

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

20 Отельдер, қонақ үйлер +
21 ХҚКО 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

 

«+» — қызметіне рұқсат етілген;

 «« — қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» — қызметіне тыйым салынған;

Leave A Reply

Your email address will not be published.