Бала құқығын қорғау – басты құндылық
Болашағын бауыр еті баласымен тікелей байланыстыратын халқымыз үшін балдырғандардың бал дәурені бақытты өтуі аса маңызды. Бұл ретте облыста бала құқығын қорғауда атқарылып жатқан шаруалар баршылық. Сол жұмыстардың ішінде негізгі бағыттың бірі–балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың өмір сүру сапасын жақсарту. Бүгінде өңірде жасы18-ге дейінгі 442276 бала болса, олардың 1316 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 956-сы қорғаншылық пен қамқоршылықта, 138-і патронаттық тәрбиеде, 22 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде-77 бала бар. 2 қабылдаушы отбасында 8 бала тәрбиеленуде екен. Қалған 9 бала жаңадан анықталып, отбасына орналастыру процессі жүргізіліп жатса керек
Облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде барлығы 128 тәрбиеленуші тәрбиеленіп жатса, облыстық жасөспірімдер үйінде 31 кәмелеттік жасқа толмаған тәрбиеленуші жүр.
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығымен бекітілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларының 5-тармағына сәйкес РДБ қорғаншылық органдар толтырған жетім балалардың және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамалары негізінде қалыптастырылады. Биылғы жылы осындай 86 бала анықталып бастапқы есепке алынды. Олардың 52-і қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 1-і патронаттық тәрбиеге, жетім және ААҚҚ балаларға арналған мекемелерге 24 бала орналасқан. 9 бала жаңадан анықталып отбасына орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Республикалық деректер банкісіне тіркелген тәрбиеленушілерді «Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына сәйкес өңірлік және орталықтандырылған есепке уақытылы қою үшін тәрбиеленушілердің сауалнамаларына құжаттар уақытылы есепке алынды. Сонымен қатар, тәрбиеленушінің статусына өзгеріс енгізілген жағдайда дәлелді құжаттар уақытылы базаға тіркеледі, – дейді облыс әкімдігі білім басқармасының қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Еркебұлан Төлеубекұлы Таткеев .