Бірліктің бағасын білетін бесағаштықтар
Бесағаш ауылдық округінде өткен жылы «Асар» жобасы аясында мұқтаж деп танылған отбасыға ауыл азаматтары Бесағаш ауылынан баспана салып беріп, оның кілтін салтанатты жағдайда табыс еткен болатын.
Оның жер телімін ауылдық округ әкімі Бейбіт Нигматуллаев округ көлемінен бөліп беріп, игілікті істің басын бастап, соңғы қуаныш күніне дейін атсалысқан болатын.
Негізі жоба аясында әр округ бір үйден салу қажеттілігі айтылған болатын. Бірақ, Бесағаш пен Түрксіб ауылының тұрғындары қайырлы амалдың қадірін жақсы біледі.
Мұнымен олар тоқтап қалған жоқ. Бүгінде тағы бір отбасыға Түрксіб ауылынан баспана салуға күш салып, жуық күндері отбасына үйдің кілтін табыс етпек.
Ал бүгін олар ауылда тұратын татар ұлтының азаматына баспана салып беруді жөн көріпті.
Бұл жолы да округ әкімі Бейбіт Сұңғатұлы округтен жер телімін қарастырып, ауылдық қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Айдарбековпен бірге жер учаскесіне алғашқы табан тастарын түсірді.
— Жақсылық жасап, сауапқа кенелуге не жетсін. Алдымен ауылда қиын қыстау шақта қалған отбасыларға қол көмегін соөып жүрген екі ауылымның азаматтарына алғысымды білдіремін.
Ал мына тұрған жерде жыл соңында келісті баспана еңсе тіктейді. Ауылдағы Шалиевтар отбасына баспана салу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайсыз. Үйдің құжаттарын жергілікті әкімдік сақадай сай қылып береді. Бұл отбасы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алу үшін жұдырықтай жұмылатын боламыз. Асарға, келіңіздер,- дейді округ әкімі Б.Нигматуллаев.
Бұл жер учаскесінің жанында су құбыры да, газ желісі де, электр жарығыда жақын маңда орналасқан екен.
Осындай ауыл ішінде атқарлып жатқан ілкімді істерді көріп, ауыл азаматтары
берекенің қадірін жақсы түсінетінене тағы да бір көзіміз жеткен.
Ақжігіт Жетпісбай,
Жамбыл ауданы