Тараздық 200 отбасы көмек алды

0 242

Ел іші болғаннан кейін бір адам келесі бір адамнан тәуір, ал бірі төмен тұрмыс кешетіні белгілі. Олардың арасында материалдық тұрғыдан да, физикалық жағынанда біреудің-біреуге мұқтаж болуы заңдылық. Десе де жетімін жылытап, жесірін қаңғытпаған қазақ қоғамы қай кезде де халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына қол ұшын беріп отырған. Сондықтан да біреудің қабағын кірбің шалмауын ойлап, оны қуанту, жүрегіне жылу сыйлау қанымызда бар қасиет десек артық айтқандық емес. Ел ішінде қолында қаржысы бар атымтайлардың өзгенің жоқ-жітігін түгендеп, кем-кетігін бүтіндеуге асығып тұруының мәнісі сол. Ал біздің айтпағымыз – былтыр елімізде коронавирус пандемиясы салдарынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау көрсету мақсатында құрылған «Birgemiz» қоры. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған қор бүгінде ел ішінде «Елбасы жылуы» атауымен кеңінен танылып отыраталған қор арқылы бүгінде миллиондаған жерлесіміз қаржылай және азық-түлік түрінде де қолдауға ие болса, одан бөлек емдеу мекелері арқылы медициналық заттарға да ие болып отыр. Қор былтыр жарияланған төтенше жағдайдың алғашқы күдерінен-ақ медициналық заттар сатып алуға, медицина қызметкерлерін қолдауға 200 миллион теңге бөлген еді. Оның ішінде қор арқылы тапшылық сезілген аймақтарға коронавирус инфекциясынан қорғанатын медициналық құралдар мен өкпені жасанды желдету апппараттары үлестірілгенін атап өту керек. Былтыр және биыл аталған қор тараздықтарға да шарапат сыйлаған еді. Нақты айтқанда, Тараз қаласында «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық шарасының аясында азық-түлік тиелген жүк көлігі, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін балалары бар жанұяларға осымен екінші мәрте көмек ұсынып отыр. Тарқата айтсақ, 200 тараздық отбасы ұн, сәбіз, картоп, жеміс, күріш, қарақұмық, шай, қант, өсімдік майы іспетті халықтың негізгі тұтынатын азық-түлік түрлері салынған себет пен гигиеналық заттар және басқа да тұрмысқа қажетті ұсақ-түйектерді қор есебінен алып отыр. Таразға «Елбасы жылуы» қоры жеткізген тауар салмағы – 120 тонна.

Жобаның басы-қасында жүрген «Lider.kz» волонтерлер қозғалысының Тараз қаласы мен облыс бойынша үйлестірушісі Николай Чагай әу баста «Елбасы жылуы» – коронавирус пандемиясынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында құрылғанын айтады.

– Тұңғыш Президенттің бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры осы жылдың сәуірінде екінші мәрте ауқымды акция ұйымдастырыып, аталған акция аясында Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарынан 681 отбасына көмек берді. Жобаның екінші кезеңі қайырымдылық шарасы Талдықорған, Орал қалаларында, сондай-ақ, Алматы және Ақмола облыстарында тұратын 1 мың жанұяны қамтитын болады, – деді ол.

Тысяча казахстанских семей получит продукты в рамках акции «Елбасы жылуы»

Leave A Reply

Your email address will not be published.