Мемлекеттік қызметші қандай болуы керек?
Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыыс пен ттұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуы керек. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты қысқартуға тиіс», – деп атап көрсеткен еді.
Бүгінде бұл талап біртіндеп орындалу үстінде. Өйткені маңайымызда адамгершілігі мол, адал, адамдарды тыңдай білетін, азаматтардың кез келген сұрағына жедел жауап беретін, қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстайтын қызметкерлер ақатары көбейе түскен. Сонымен қатар қоғамдық орында ерсі қылық көрсетіп, біреудге дөрекілік көрсететін мемлекеттік қызметкерлер де азайған. Әйтсе де мемлекеттік қызметкер қандай болуы керектігін әрбір мемлекеттік мекеме мамандары жете білуі шарт. Осыны мақсат еткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Саят Төлепбергенов облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Қазіргі заманғы тиімді мемлекет» атты онлайн кездесу өткізді. онлайн кездесуде мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мамандардың қызметі жайлы қатысушыларға маңызды мағлұмат берілді. Кездесуде мемлекеттің дамуындағы қызметшілердің рөлі, әдебі, өзін ұстауы, мемлекеттік қызметші болудың алғышарттары, тест тапсыруы жайлы тәптіштелді. Бұдан бөлек кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке тұрудың жеңілдетілген шарттары, оның ішінде тест тапсыру мерзімінің арақашықтығы 6 айдан 15 күннің ішінде қайта тапсыру болатындығы, оның жолдары тілге тиек етілді. Саят Төлепбергенов өз сөзінде тестілеу бағдарламасының үш сатысы және ондағы тест тапсырмаларының маңызы мен корпустары туралы да сөз қозғады. Жоғары оқу орындарының білімгерлері арасында мемлекеттік қызметшілер даярлау курстарының өтуі, жаңадан қызметке келген мамандарды оқу курстарынан өткізу, олардың әдептері мен киім үлгілері жайлы да ақпарат берілді.
Саят Тұрсынханұлы осы тектес маңызды мәліммееттер берумен қатар, өзі оқыған кітаптардың мазмұнымен бөлісіп, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер арасында кітап оқу эстафетасын ұйымдастыратынын жеткізді.