БАСТЫ МІНДЕТ –ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

0 309

Халықты жұмыспен қамту орталығы – қоғамның әлеуметтік саласын жан-жақты дамытатын, оның алға қадам басуына себепші болатын мекеме.Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2011 жылы 1 шілдеде құрылған. Негізгі мақсат – азаматтар мен жұмыс берушілерге еңбек делдалдығын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру.

Осы бағытта аталмыш орталықтың биылғы жылы атқарған жұмысы жүйелі.  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету» бойынша ағымдағы жылы кәсіби даярлау оқуына 50 адам оқыту жоспарланып, 11267,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілгені 4000,2 мың теңге.Бүгінгі күнге 50 адам(дәнекерлеуші, аспазшы, тракторист, автослесарь) мамандықтары бойынша оқуға жолданған.

Бағдарламаның ІІ бағыты  «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша 94 азаматқа несие беру, кәсіпкерлік негіздері бойынша 240 азаматты оқыту жоспарланып, 1340 адамға жолдама берілді.Бүгінгі күнге173 адам оқуға жолданып, 113 адам сертификаттарын алды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 200 азаматқа 116680,0 мың теңге мемлекеттік грант беру жоспарланып,бүгінгі күнге200 азамат (91 жастар) 116680,0 мың теңге қайтарымсыз грант алды.Ал микрокредиттік ұйымдар арқылы 98 адам 377,8 млн. теңге несие алды, оның ішінде 16 адам  64,5 млн. теңге қайта қаржыландыруарқылы, 82 адам 313,3 млн. теңге «Еңбек» бағдарламасының ағымдағы жылы бөлінген қаражатынан алған.

Бағдарламаның  ІІІ бағыты «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша ағымдағы жылы  Жастар практикасымен 100 жас түлектерді  жұмысқа жіберу жоспарланып,  43755,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілгені 14000,2 мың теңге. Бүгінгі күнге  жұмыс берушілерден жұмыс орындарына  өтінімдер жинақталып, 60 жас түлектер жұмысқа жіберілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 60 азаматқа 18860,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілгені 8000,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 91 азамат әлеуметтік жұмысқа жолданды.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына  440003,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілгені 146000,0 мың теңге. Ақылы қоғамдық жұмысқа 698 азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарланып, бүгінгі күнге 662 адам жұмысқа жолданды.

Тұрақты жұмыс орындарына 839 адам жолданды.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша 1756 отбасына беріледі деп жоспарланып, бүгінгі күнге 970 отбасынан өтініштер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.