ПЕН клубының лауреаты атанды

0 208

«Талғамға талас жоқ» дейді халық даналығы. Қазіргі қазақ елінің жазушыларының ішінде кітабы үлкен сұранысқа ие әрі шетелдік жазушылар арасында да аты кеңінен танылған, жерлесіміз Несіпбек Дәутайұлын білмейтін оқырман кем де кем. Халықаралық Еуразия жазушылары қауымдастығының Құрметті мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Қазақ әдебиеті» газетінің проза жанры бойынша лауреаты, Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің Бас жеңімпазы. Бірінші халықаралық «Рух» әдеби байқауының гран-при иегері. Ғабдол Сланов атындағы әдеби сыйлығының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Дәутай ұлы бұл атақ-абыроайға жазушылық қасиетке кәсіп деп емес, дарын деп қарауының арқасында ие болған тұлға. Әсіресе жастарға жанашыр, қолдаушы ретінде танылып, оларға шуақ нұрын шашып жүретін қаламгер тағы бір даңқа қол жеткізіп, Халықаралық ПЕН клубының лауреаты атанды.

Жалпы Халықаралық қазақ ПЕН клубының қазақ әдебиетін шетелге насихаттаумен қатар, жазушылар мен журналистердің құқығын қорғап және оларды қанаттандыру мен жігерлендіру, шығармашылық тұрғыда қолдау көрсетуді о бастан үрдіске айналдырған. . Осы тұрғыда атқарылған жұмыстардың бірнешеуіне тоқталып, басылым оқырмандарын хабардар ете кеткенді жөн санап отырмын. 2020 жылдың аты дарджай атағын қазіргі күннің гуманист жазушысына беруді Халықаралық ПЕН клубтың сыйлық беру жөніндегі атқару комитеті мен комиссия шешкен көрінеді. Талантты прозашының мәртебесін асқақтатып, мерейін өсіруге себепкер болған басқосуда қазақтың танымал қаламгерлері Жүсіпбек Қорғасбек, Смағұл Елубай, Қуандық түменбай сөз алып, ақжарма тілектерін арнаған еді. Олар өз сөзінде Несіпбек Дәутайұлының ерекше қаламгер екенін тілге тиек етті.

Несіпбек Дәутайұлының шығармалары әлемдік класикаға пара-пар, шеберлігі шетелдік інжу-маржанмен шендесе алады. Осы артықшылығының арқасында ол халықаралық және республикалық түрлі әдеби бәйгелердің жеңімпазы болып келе жатыр. Осы жолы ие болған лауреаттығы да халықаралық деңгейдегі айтуылы жетістіктің бірі. Мұндай жетістікке кез келген жазушы жете бермейді – деген Ж.Қорғасбек халықаралық Қазақ ПЕН клубының Президенті Бигелді Ғабдулинге қазіргі заман әдебиетінің көркем тұлғасын тап басып таныған біліктілігі мен әділдігі үшін алғыс білдірді.

Несіпбек Дәутайұлының жетістігі әулиеаталықтар ғана емес, еліміз үшін зор мақтаныш. Сәт сайын биікті бағындырған оның әр сөзі мен ісі, әдебиетке адалдығы мен еңбекқорлығы табандылығы жас қаламгерлер үшін қай уақытта да үлгі екені анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.