Сайлау сарапқа салынған жиын

0 199

Ағымдағы жылдың 25 мамырында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және сайлау мәселелері бойынша басқа да заңнамалық актілерге қол қойғаны мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Меркі аудандық сайлау комиссиясының ұйытқы болуымен «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу туралы» аудандық семинар — кеңес өтті.

Меркі ауылында мәдениет үйінде өткен жиынға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Қожамберді Думан Мақсұтұлы, бірқатар тиісті бөлім басшылары, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары, хатшылары мен мүшелері қатысты.

Серғали Өмірзақұлының төрағалығымен өткен семинарда әкімдердің тікелей сайлауын өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру, науқанды қаржыландыру, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау комиссияларының қызметін ақпараттық сүйемелдеу мәселелері қаралды. Мәселелер ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлауға байланысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып қаралды.

Семинар бағдарламасына сәйкес Меркі аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Шорман Төреханұлы «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізудің құқықтық және ұйымдастырушылық аспектілері және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына түзетулерді іс жүзіне асыру туралы» баяндамаларын жасады. Сонымен қатар, Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Думан Мақсұтұлы «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі мен өзара іс – қимылы туралы» сөз қозғады.

Жалпы жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша салмақты ойлар айтылып, жан-жақты талқыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.