Жастар арасында республикалық квест ойыны өтті

0 268

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл. Жалпы азаттықтың ақ таңы бізге оңай келген жоқ. Аумалы-төкпелі заманда еркіндікке қол жеткізген қазақ елі өз бетінше күн кешіп, өзін әлемге танытты. Еліміз өркендеп, аз жылда көркейді. Десе де тәуелсіздік жылдарында қандай шаруалар атқарылғанын, жалпы ұлттық тарих неден құралғанын жас ұрпақ біліп өсуі тиіс. Осыны ескерген облыс әкімдігі жастар саясаты «Тарихы терең Таразым» атты жастар арасында республикалық квест ойын ұйымдастырды. Ойын барысында еліміздің әр облысынан келген жастар өз белсенділіктерін танытты. Олар әртүрлі қызықты жұмбақтарды, логикалық есептерді, лототапсырмалардың жауаптарын шешіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. Креативті ойлау қабілеттерін қалыптастыру мақсатындағы зияткерлік тапсырмаларды орынаған жастар үшін іс-шара олардың интеллектуалдық деңгейін арттыруға, өзге де облыстан келген ойыншылардың өз өлкеміздіңің тарихы мен мәдениетін жете тануына, терең білуіне негіз бола алды.

Аталған ойынға Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе қалалары мен, облысымыздың Жамбыл, Қордай, Меркі, Шу аудандарынан барлығы 9 команда қатысты. Іс-шара Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені, «Тектұрмас» этномәдени кешені, «Қарахан» кесенесі және саябағы, Д.Қонаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы, «Білім» алаңы, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағы, «Жеңіс» саябағы», Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтті. Әр локацияда қатысушыларға 5-6 тапсырма беріліп, оның талапқа сай орындалуына баса мән берілді.

Бүгінгі ойын салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылық қабілетті дамытуға ықпал етуетініне сенімдімін. Одан бөлек жастардың интеллектуалдық деңгейін арттыру сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау осы іс-шараның басты мақсаы. Ойынға қатысушылардың жақсы дайындықпен келгендігі байқадым. Өзге облыстардан келген қатысушылар да өз шеберліктерін дәлелдеді. Облысымызда осы тектес мәні зор іс-шараларды алдағы уақытта да жиі ұйымдастыратын боламыз, – дейді Серікбол Берікқожа.

Атырау облысынан келген команда ойыншысы Нығмет Дәулет ойынның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтады. Ол іс-шара басталмас бұрын өңірдің тарихи-мәдени орындарын аралау үлкен әсчер сыйлағанын тілге тиек етті. Өз командасының жеңіске жеткеніне масатанған ол ұйымдастырушыларға алғысын жеткізуді ұмытпады. Осылайша бас жүлдені (төрт жүз мың және диплом) атыраулықтар жеңіп алып, бірінші орынға (екі жүз елу мың теңге және диплом) Түркістан облысының командасы қол жеткізді. ІІ орын (екі жүз мың теңге және диплом) Алматы облысының жастарына бұйырды. ІІІ орынды Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбелік жастар тең бөлісті (жүз елу мың теңгеден және диплом).

Leave A Reply

Your email address will not be published.