Сарысулық самбошы Ташкентте топ жарды

0 276
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жастар арасында Самбо күресінен жалауын көтерген Азия чемпионатына Қазақстаннан бірнеше спортшы қатысып, баптары мен бақтарын сынады.
Осы бәсекеге Бөрібек Тоғызақбаев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, Дзю-до күресінен Монғолияда өткен жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, Грузияда Самбо күресінен өткен жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Дзю-до күресінен спорт шебері, Самбо күресінен спорт шеберлігіне үміткер, жаттықтырушы Манарбек Скендірұлы Тогымановтың шәкірті Асылжан Мұхитқызы Орынбасарова қола медаль иегері атанды.
Асылжан Мұхитқызы ең әуелі бозкілемде Тәжікстан Республикасынан келген балуанды 6:4 есебінде жауырынын жерге тигізсе, Нұрсұлтан қаласынан барған қарсыласынан 2:1 есебінде есе жіберіп қойып, қола медальды еншіледі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.