Өндірісі өркен жайған Мойынқұм

0 203

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақ елінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы дәл бүгінгідей болған емес. Қаржылық дағдарысты еңсеру мен елдің жағдайын көтеру мақсатында мемлекетіміздің сан салада соны реформалар қабылдап, жүйелі жұмыстарды жүргізуі бүгінде өз нәтижесін беріп отыр.Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін тұралатпау үшін қолға алынған шаруалар мен табанды еңбектің жемісі бүгінде шалғайда жатқан Мойынқұм ауданында да көрініс тауып отырғанын айта кетумізі керек. Бұл сөз жоқ Мойынқұм ауданы әкімдігінің ауданның әлеуметтік-экономикалық даму салаларының негізгі көрсеткіштерінің орындалуына баса мән беруі және ауданның нарық қатынастарын дер кезінде реттеп, тұрғындардың экономиканы тұрақтандыру бағытында қосқан тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Соның арқасында бұл ауданда жетістік жылдан-жылға ұлғайып келеді. Мәселен осы жылдың қаңтар-мамыр айы аралығында ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 154,8 пайызға жэетіп, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 101, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 100, құрылыс жұмыстары 104, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 112, қаржы игеру көрсеткіші 99, пайызға орындалды.

Аудан экономикасының негізгі қозғаушы саласы өнеркәсіп саласы болсы екені анық. Аудан әкімі Мәден Мұсаевтың айтуынша, биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша 34 217,5 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңінен салыстырғанда өнім көлемі 5822,1 миллион теңгеге артып отыр екен.

Ауданға биыл барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 1,8 миллиард теңге бөлініп, 18 жобаны іске асыру жоспарланған екен. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі де жыл сайын арта түскен. Қаңтар-мамыр айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы 506,3 миллион теңге қаржы беріліпті. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы аясында 8 адам 28,9 миллион теңге шағын несие алыпты. 50 азамат 29,1 миллион теңгеге өз кәсібін бастау үшін қайтарымсыз грант алған. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 24 кәсіпкерлік субъекті жалпы құны 363,3 миллион теңге несиеге қол жеткізген.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 кәсіпкерге жалпы құны 85,0 миллион теңге несие беру бағытында тиісті жұмысар жүріп жатса керек. Ауданда ырғақты жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны 1995-ті құраса, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,4 пайызға өскен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.