Асыраушы сала алға басуда

0 390

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог» — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға баса мән берген еді. Мемлекет басшысы аталған Жолдауда: «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек.

Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс», – деген еді.

Бүгінде Сарысу ауданы да еліміздің барлық өңірлері секілді тәуелсіздік алған жылдар аралығында әлеуметтік-экономикалық жағынан өсе түсті. Ауданның дамуына асыраушы саланың да қосып отырған үлесі қомақты. «Ауылдың әл-ауқатын көтермейінше, Қазақстан экономикасы қарыштап дами алмайды», — деп Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік қолдаудың шарапатын Сарысу ауданының ауылдары да көріп отырған жайы бар. Мұнда ауылдардың ажарын кіргізетін істерге бөлінген қаржы да қомақты, атқарылған жұмыс та ауқымды екен. Мәселен тәуелсіздік алған 2000 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 886 миллион теңге болса, осы жылдың 4 айында өндірілген өнім көлемі 2,72 миллиард теңгені құраған. Осыдан 212 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ, ауыл шаруашылығында өндiрiлген өнiм көлемі 2,5 есеге дейін өсіпті.

Ауданда мемлекеттік қолдау жұмыстарын дұрыс жолға қоюдың нәтижесінде төрт түлік мал санында да өсім бар. Ағымдағы жылдың 4 айында мүйізді ірі қара — 23 67-ге, қой-ешкі – 3,9-ға, жылқы – 7,8, түйе –        2 602-ге, құс саны 23 183-ке жетіпті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытысымен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 991-ге, қой-ешкі – 10 571-ге, жылқы – 72-ке, түйе – 268-ге, құс – 936 басқа артқанын көрсетеді.

Егін шаруашылығын сөз етсек ауданда 3,136 миллион гектар жер бар екен. Оның 600 мың гектарға жуық ауыл шаруашылық алқабы, ішінде 24,2 гектар егістік алқабы құрылымдарына берілген

2021 жылдың өнімі үшін 6100 гектар жаздық арпа, 1150 гектар көпжылдық шөптер, 270 гектар көкөніс, 360 гектар бақша және 40 гектар картоп дақылдары жоспарға сәйкес толығымен егілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.