Өрісіміз қашан кеңейеді?
Бүгінде кейбір елді мекенде өріс тарылып кеткен. Төрт түліктің тұяғы жететін жердің шаңы аспанға көтеріліп, мал аяғы тиген жер тақыр жерге айналған. Негізінде нақ осы мәселенің туындауына елді мекендердегі кейбір үйлердің мыңғыртып мал ұстауы мен өз тіршілігіне ата кәсіпті арқау еткен шаруалардың қысы-жазы ауыл іргесінде отыруы, тіпті ауылдаан қашықта отыр деген малшылардың қыс қыстау. Жаз жайлауға шықпай бір жерге шоғырлануы, кейбір азаматтардың қолында бір тұяғы болмаса да сан мың кегтар жерді жайылым ретінде иеленуі себеп болып отыр екен. Негізінде өңірдегі жер көлемінің 65 пайызы, жайылымдық санатына жатқанымен, осы аумақтағы төрт түліктің саны бар болғаны 3 миллион 320 мыңдай бас қана. Жайылымның тарыла түсуіне өңірдің ең қашық жерлеріне шопандардың бара бермейтіні және кейбір жайылымдарда су, құдықтың жоқты себеп болып отыр екен. Одан бөлек қазір бұрынғыдай қалың құмдағы сексеуілді алқапқа мал жаюға да тиісті министрлік тарапынан тиым салынған көрінеді. Осы мәселелер жақында облыс әкімдігінде өткен облыстық қоғамдық кеңестің отырысында сөз болды. Жиынды ашып, жүргізген қоғамдық кеңес төрағасы Әмзебек Жолшыбеков наурыз айында аймақ басшысы Б.Сапарбаевтың жайылым мәселесін шешу жөнінде тиісті сала басшыларына берген тапсырмасы негізінде қаралып отыр екен. Сол үшінде нақ осы мәселе қоғамдық кеңестің күн тәртібіне қойылыпты.
Аталған басқосу барысында облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосынов, облыс әкімдігі жерді пайдалану және қорғауын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Данияр Өтепов, облыс әкімдігі табиғат ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының міндетін атқарушы Ерлан Құлкеев баяндама жасап, көтерілген мәселе бойынша атқарылып жатқан шауаларды баяндады. Аталған сала басшылары ауыл маңынан заңсыз берілген жайылым жерлердіің қаншауы ауылдық округ әкімдігіне өткерілгені, қанша жайылымның бос жатқаны, орман шаруашылығы қорындағы жайылым жердің қаншауы орман қорына жақын елді мекендерге берілгенін сөз етті. Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшесі Қасымхан Төлендиев сөз сөйлеп, баяндамашыларға көптің көкейінде жүрген бірнеше сұрақ қойды. Жиын соңында айтылған ұсыныстар негізінде хаттама толтырылып, арнайы қаулы қабылданды.
Еске сала кетейік, жуырда ауылшаруашылық жерлерін сатуға мораторий 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады. Жалға алу тек Қазақстан азаматтары мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғалар үшін ғана қолжетімді болып қала береді. Ал ауыл шаруашылығы жерлерін субарендаға беруге тыйым салынады. Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатымен Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы бойынша әзірленген.