Ауыл тұрмысы жақсарып келеді

0 266

Қай елді мекенге барсаң да тұрғындар көтеретін негізгі мәселе көшенің жарықтандыру, жол жөндеу, ауылды орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету, елді мекенге газ құбырын тарту секілді коммуналдық қызметпен байланысты болатыны шындық. Жалпы тұрғындардың биліктен осы мәселелерді талап ететініндей-ақ бар. Себебі мемлекет ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың сапалы медициналық қызмет тұтынып, балалардың лайықты білім алуын қамтьамасыз етуге міндетті. Ал тұрғындардың дұрыс өмір сүруіне жағдай жасалмаған, не көгілдір отын, не ауыз су тапшы, көшелері жарықтандырылмаған ауылда жастар тұрақтамайтыны белгілі. Ал жастар тұрақмамаған жерде болашақ болмайтыны белгілі. Сондықтан да мемлекетіміз ұлттық құндылықтарымыз бен ұлттық болмысымыздың қайнар көзі, руханиятымыздың темірқазығы саналатын әрбір ауылды дамытуға о бастан баса мән беріп келеді. Төскейде мал өргізіп, қырда егін салған ауыл тұрғындары қашанда елді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуші болып саналған. Ендеше қайнаған еңбектің қақ ортасында жүрген ауылдық тұрғындардың өркениетті өмір сүруіне толық құқығы бар. Қорыта айтқанда,

дамыған мемлекеттердің елді мекен тұрғындары қалалықтар қандай өмір сүрсе, олар да сондай тұрмыстан кенде болмауы керек. Қазақ елінің алға қойған басты мақсатының бірі – осы.

Осы ұстаныммен күн кешіп жатқан Т.Рысқұлов ауданының барлығы 42 елді мекеннің 26-да өткен жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесі болған екен. Ауыз су жүйесі жоқ 16 елді мекеннің ішінде әлеуметтік желіде көп сынға ұшыраған Әбжапар және Жарлысу, Бәйтелі, Тасшолақ секілді ауылдарға өткен жылы жаңа ауыз су жүйесі жүргізіліп, пайдалануға беріліпті. Ал ауыз су жүйесі ескірген 9 елді мекеннің ішінде Құмарық, Қаракемер, Алғабас ауылдарына ауыз су жүйесін жүргізу жұмысы былтыр қолға алынған көрінеді. Аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың айтуыеша, осы ауыл тұрғындары таза сумен биыл қауышқалы отыр. Құлан ауылына ауыз су имараты мен жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Сонымен қатар 5 елді мекенге ауыз су жүйесін салуға жобалық-сметалық құжат әзірленіпті. Оның ішінде Жаңатұрмыс, Сәлімбай, Қазақ ауылдарына сараптаманың оң қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінімдері жолданған көрінеді.

– Осы жерде бір атап өтетінім, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының бойында орналасқан 3 мыңға жуық тұрғыны бар Жаңатұрмыс ауылын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқан мәселе еді. Республикалық бюджетті нақтылауда аталған ауылды ауыз сумен қамту үшін 100 миллион теңге қаражат бөлініп, маңызды мәселе шешімін тапты. Ауданда халық саны тиісті нормадан аз 7 ауыл бар. Осыауылдарда ауыз су жүйесін салу экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан аталған елді меендерде ауыз су мәселесін мембраналық қондырғы орнату арқылы шешу қарастырылуда. Ол үшін арнайы жоспар бекітілген, – дейді ербол Салқанбекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.