Ана мен бала өлімі аз аудан

0 322

Азаттықтың ақ таңы атқан 30 жыл ішінде өзiн әлемге демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде танытып үлгерген қазақ елінің Ата-Заңында мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екені атап көрсетілген. Демек, мемлекеттің басты құндылығы адам болғандықтан, оның өмірі мен денсаулығы қашанда маңызды. Сол үшінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» ұлт денсаулығын мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі деп атады. Осы тұрғыдан алып қарағанда халық денсаулығы жылдан-жылға жақсарып, адамның өмір сүру жасы ұзара түсуі тиіс. Бұл бағытта тәуелсіздіктің 30 жылдығында талай толайым тірліктер атқарылғаны баршаға мәлім. Әлі де халық денсаулығы үшін қыруар шаралар атқарылып, маңзды міндеттемелер жүктелуде. Себебі халықтың денсаулығы жақсы болса, онда мемлекеттің даму қарқыны да ырғақты жылжып, экономикамыз бен әлеуметтік жағдайымыз жақсара түседі. Жалпы денсаулық сақтау саласында жүргізілген реформалардың нәтижесінде медицина саласында оң өзгерістер пайда болды. Аталған саладағы өзгеріс Т.Рысқұлов ауданында да көрініс табуда. Мұнда тұрғындарға 35 емдеу мекемесі қызмет көрсетеді. Осы жылдың 5 айында ауданда ана мен бала өлімінің тіркелмеуі қазіргі медицинаның жетістігі десек, артық айтқандық емес.

Еліміз үшін маңызды шаралардың бірі ол вакцинациалау жұмысын жүргізу. Бүгінде ауданда екпе салумен айналысатын 6 жылжымалы бригада жұмыс атқарады екен. Ақпан — маусым айларында 6 мың 625 адам індетке қарсы екпе салдырыпты. Жалпы вакцина салғандар арасында білім қызметкерлері 1403 болса, оның 945-і педагог екен. екпе салдырғандар арасында 190 мемлекеттік қызметші мен 669 медицина қызметкері және, 22 учаскелік полиция қызметкері бар. Бұдан бөлек 1009 төтенше  жағдайлар, әскери және ішкі істер басқармасы қызметкерлері вакцина салдырған. Вакцина салдыру арқылы індттен қорғанудың амалын жасап жатқандар арасында студенттер — 153, созылмалы аурулары бары — 127, әлеуметтік мекеме қызмеиткері – 10 және 3043 түрлі сала қызметкерлері бар екен.

Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде Өрнек және Луговой ауылдарындағы емдеу мекемелері күрделі жөндеуден өткізіліпті. Өткен жылы аудандық орталық ауруханаға барлығы 213,9 миллион теңгенің медициналық құрал жабдықтары сатып алыныпты. Нақты айтқанда аудандық емханаға цифрлы флюроаппарат, реанимация бөліміне жылжымалы рентген аппарат, функционалды төсектер, перзентханаға нәрестелер инкубаторы және тағы басқа керек жарақтар алынған. Сонымен қатар жаңа жылжымалы диагностикалық комплекс сатып алынған. Ол ауданның шалғай елдімекендеріндегі тұрғындарға бейінді мамандардың кеңесін беріп,тексерілуін қамтамасыз етіп жатыр екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.