Коронавирустың тек вакцинацияланған адамдарда кездесетін белгісі анықталды

0 412

Британдық ғалымдар коронавирустың тек вакцинацияланған адамдарда кездесетін белгісін анықтады.

Әлемдегі ең үлкен COVID-19 зерттеу және симптомдарды бақылауға арналған ZOE COVID Symptom Study мәліметтері бойынша, вакцинацияланған адамдарда инфекция алдымен жиі түшкіру арқылы көрінеді. Бұл ретте, мұндай белгі екпе алған адамдарда бұл коронавирустың емес, керісінше суық тию немесе аллергия деп саналады.

Ғалымдардың пікірінше, бұл симптом ең көп таралған белгілердің қатарына кірмейді.

«Егер сіз вакцина алып, себепсіз көп түшкіре бастасаңыз, үйде қалып, COVID-19 тестін тапсыру керек, әсіресе егер жұқтыру қаупі жоғары адамдармен тұрсаңыз немесе жұмыс жасасаңыз», — деп қорытындылады зерттеу авторлары.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.