Қызылордада жоғалып кеткен 13 жасар қыздың мәйіті табылды
Қызылорда қаласы Махамбет ауылында жоғалып кеткен 13 жастағы қыздың мәйіті табылды.
Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов ауылында тұратын 2008 жылғы Бағдатқызы Замира есімді жеткіншек қыз 18 маусымда сағат 12:30 шамасында белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер іздеді.
20 маусым күні сағат 13:30-да жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Махамбетов ауылындағы Ширкейли суару каналынан қыздың денесін алып шықты.