Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындары: Неліктен қор 890 қызметкерге 1600 ноутбук сатып алмақ?

0 359

Мемлекеттік сатып алулар сайтында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1600 ноутбук сатып алу туралы хабарландыру жарияланды. Әлеуметтік сақтандыру қоры штаттағы 890 қызметкерге 1600 бірлік ноутбук не себепті қажет болғанын түсіндірді.

Қор 1600 ноутбук сатып алуды жоспарлаған. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры 33 млн тенгеге 794 компьютерді жалға алмақ. Қазір әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында штат бойынша жұмыс істейтіндердің саны – 890, іс жүзінде қорда және оның филиалдарында 853 қызметкер жұмыс жасайды.

Қор 2017 жылы құрылған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейін қорда жалға беру шеңберінде қызметкерлердің нақты санынан аспайтын мөлшерде компьютерлік техника пайдаланылатынын айтты. Олардың сөзінше, 2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта қор қызметкерлерінің жұмыс орындарын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін бірнеше рет сатып алу іс-шаралары өткізілген.

“Оның қорытындылары бойынша тауар түрлі себептермен сатып алынбады. 2019 жылы медициналық көмек көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін медициналық ұйымдарға баратын қызметкерлерге 70 бірлік ноутбук сатып алынды. Өткен жылдары қор компьютерлік техниканы меншігіне сатып алмауына байланысты, 2021 жылы дербес компьютерлерді жалға алу жалғасуда. Сондай-ақ 820 ноутбук сатып алуға шығыс баптары қарастырылған. 2021 жылдың маусым айының басындағы жағдай бойынша ноутбуктер сатып алуға 2 конкурс жарияланды, олардың біреуі әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты өтпеді”, – дейді қордың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ноутбуктер сатып алуға конкурс қайта жарияланды, конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру қоры шығындарды қысқарту мәселесіне де түсініктеме берді. Олардың сөзінше, 2020 жылдың қорытындысы бойынша операциялық шығындар едәуір қысқарған.

“2020 жылы операциялық шығындар 1 млрд теңгеге және күрделі шығындарды 863 млн теңгеге оңтайландыру шаралары жүргізілді. Осылайша, жалға алу, байланыс қызметтері, PR, амортизация, іссапар шығыстары, полиграфия және т. б. шығындар қысқартылды. 2021 жылға арналған шығыстарды оңтайландыруға қатысты, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы 14-бұйрығымен бекітілген мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту қағидаларына сәйкес, қордың өз қаражаты бюджетінің атқарылу қорытындылары бойынша оңтайландырылған шығыстар бойынша даму жоспарына нақтылау жүргізу жоспарлануда”, – деп мәлімдеді әлеуметтік сақтандыру қорының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, осыған дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бір жылда ноутбук үшін 668 млн теңге жұмсайды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.