Павлодарда салынып жатқан ғимарат қирап, үш адам зардап шекті

0 510

Павлодарда салынып жатқан үш қабатты үйдің ішкі қабаттары опырылып түсті. 

Үш жұмысшы зардап шекті. Олар дер кезінде жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рашид Өтеуов мәлімдеді. Екі қабаттағы құлаған еден аумағы 60 шаршы метр. Қазір оқыс жағдайға байланысты тергеу басталды.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.