Екі сарбаз қызға таласып қалған: Жаңақорғандағы жаппай төбелестің егжей-тегжейі белгілі болды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бір топ азамат қаланың астан-кестеңін шығарды. Бір-біріне тас лақтыра жүгірген бір топ жігіт көшедегі дүкеннің терезесін сындырып, көліктерді қиратқан. Полиция төбелестің себебін анықтады.
Түн ортасында бір топ азаматтың бір-біріне тас лақтырып, бұзақылық жасаған кездері әлеуметтік желіде тарады.
Полиция департаменте жанжал әскерден қайтып келе жатқан екі сарбаздың пойыз ішінде қызға таласып қалуынан туындаған. Азаматтар өзара тіл табыса алмаған соң ақыры достарын шақырған екен.
“Пойызда келе жатқан достарына хабарласқан ғой. Қазір келе жатырмын дайын отырыңдар деп. Екіншісі де қарап отырмай ағасына хабарласқан. Сол арада екі жақтан топтасқан”, – деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов.