Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды
Мәжілісте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы тағайындалды.
«Қазақстан Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға сәйкес, бұл қызметке депутат Арман Қожахметовтың кандидатурасын ұсынамын. Білікті әрі сауатты заңгер Арман Төлешұлын сіздер жақсы білесіздер, ол осы салада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Ол үш шақырылымның депутаты, соның ішінде Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болған, осы комитеттің жұмысын жақсы біледі, жеткілікті тәжірибесі мен білімі бар. Арман Төлешұлының кандидатурасы қызметке тағайындауға сәйкес келеді деп есептеймін», — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның жалпы отырысында.