ШҚО-да екі бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды

0 221

ШҚО-да екі бала кәріз құдығына түсіп, көз жұмды.

 

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, бірінші қайғылы оқиға Өскеменде 7 маусым күні болған. Сонымен қатар 9 маусымда Глубоковский ауданында тағы бір бала құдыққа түсіп кеткен.

«Облыс орталығында үш жасар қыз аулада ойнап жүріп, кәріз құдығына түсіп кетті. Қыз бірден ана мен бала орталығына жеткізілді. Бірақ ол ауруханада көз жұмды», – деді ШҚО полиция департаменті.

Екі күннен кейін Глубоковский аудандық полиция бөліміне үш жастағы бала жергілікті жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Үйдің артында ойнап жүрген бала, кәріздің қақпағын басып, құдыққа құлап кеткен. Нәтижесінде бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.