ҰЖЫМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Байқадам ауылдық округ әкімі аппаратының барлық қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе алды.
Бұл әркімнің азаматтық позициясы әрі саналы шешімі.
Вакцина салдыру — әрбір қызметкердің жеке қауіпсіздігі ғана емес, сонымен бірге барлық ұжымның қауіпсіздігі.
Әрбір адам екпені алу туралы шешімді денсаулығына және медициналық көрсеткіштерге байланысты қабылдайды.
Дендеген дерттің алдын алудың жалғыз жолы — жаппай вакцина салдыру, сондықтан барша ауыл тұрғындарын екпе салдыруға шақырамыз.
Байқадам ауылдық округ әкімі аппараты.