ЕУРО-2021: Словакия күтпеген жерден Польшаны жеңіп, Испания ұпай жоғалтты

0 521

Еуропа чемпионатының төртінші күні аса қызыққа толы бола қойған жоқ. Дегенмен күтпеген нәтиже тіркелді.

Шотландия – Чехия 0:2

Тартысқа толы өткен матчта есеп ойынның мәнін көрсете қоймады. 90 минут бойы шабуылдаған шотландиялықтар қарсылас қақпасының кілтін таба алмаса, Чехия жауапсыз екі гол соқты.

D тобы. 1 тур.

Шотландия – Чехия 0:2 (0:1)

Голдар: Шик 42, 52.

Шотландия: Маршалл (Қ), Хенли, Купер, Хендри (Макгрегор 67), О’Доннелл (Форрест 79), Армстронг (Фрейзер 67), Макгинн, Мактоминей, Робертсон (К), Дайкс (Нисбет 79), Кристи (Адамс 46).

Чехия: Вацлик (Қ), Боржил, Калас, Челустка, Цоуфал, Крал (Голеш 67), Соучек, Янкто (Гложек 72), Дарида (К) (Шевчик 87), Масопуст (Выдра 72), Шик (Крменчик 87).

Польша – Словакия 1:2

Әлемнің үздік шабуылшысының аяғына бұл матчта словакиялықтар тұсау салды. Левандовскийді шабуыл өтінде тұсап ұстаған олар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, күтпеген жерден ұтып кетті.

Е тобы. 1 тур.

Польша – Словакия 1:2 (0:1)

Голдар: Линетты 46 – Шченсны а/г 18, Шкриниар 69.

Алаңнан қуылды: Крыховяк 62

Польша: Щенсны (В), Беднарек, Линетты (Франковски 74), Левандовски (К), Крыховяк, Рыбус (Пухач 74), Клих (Модер 85), Глик, Берешиньски, Зелиньски (Свидерски 85), Йожвяк.

Словакия: Дубравка (В), Пекарик (Косцелник 79), Шатка, Дуда (Грегуш 90+2), Шкриниар, Губочан, Хамшик (К), Гараслин (Дюриш 87), Куцка, Мак (Суслов 87), Громада (Грошовски 79).

Испания – Швеция 0:0

Күннің орталық матчында Испания мен Швеция тең түсті. 90 минут бойы қарсыластар бір-бірінің қақпасын дәл көздей алған жоқ.

Е тобы. 1 тур.

Испания – Швеция 0:0

Испания: Симон (Қ), М. Льоренте, Ляпорт, П. Торрес, Альба (К), Коке (Руис 87), Родри (Тиаго 66), Педри, Ф. Торрес (Оярсабаль 74), Мората (Сарабия 66), Ольмо (Морено 74).

Швеция: Ульсен (Қ), Аугустинссон, Даниэльсон, Линделей, Лустиг (Крафт 75), Форсберг (Бенгтссон 84), Экдаль, Ульссон (Каюсте 84), С. Ларссон (К), Исак (Классон 69), Берг (Квайсон 69).

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.