Атырау облысы әкімінің экс-орынбасарына қатысты іс тоқтатылды
Атырау облысында «Таубаев пен Басаров ісі» бойынша сот отырысы Нұрлан Таубаевтың ауруханаға түсіп, ота жасалуына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.
«Ақ жайық» басылымының мәліметінше, Нұрлан Таубаевтың адвокаты әрі ағасы Асқар Таубаев 9 маусымда кешке тергеу изоляторында жағдайы нашарлаған өз клиентін облыстық ауруханаға жеткізген.
— Дәрігерлер ұйқы безінен тас тауып, кеше Нұрланға жалпы наркозбен күрделі ота жасады. Қазір ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, оның денсаулығы үшін алаңдап отырмыз, — деді Асқар Таубаев.
Айта кетейік, облыс әкімнің бұрынғы орынбасары мен басқарма басшысы 182 млн теңге пара алды деген күдікпен 10 қыркүйек күні ұсталған болатын.