Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану-уақыт талабы
2021 жылғы 09 маусымда Жамбыл ауданында облыс прокуратурасымен облыс әкімдігінің бірлескен көшпелі алқа мәжілісі өтіп, пайдаланылмаған және заң талаптарына қайшы берілген жерлерді қайтару мәселесі қаралды.
Аталған мәжіліске бейнебайланыс арқылы қалааудан прокурорлары, әкімдері, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.
Ағымдағы жылдың 15 ақпанындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке жəне Бас прокуратураға пайдаланылмаған жерлерді, оның ішінде жайылымдарды қайтару бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Прокурорлармен пайдалынылмаған және мақсатсыз пайдаланып жатқан жайылым жерлерді, сондай-ақ мал басы тіркелмеген жер пайдалуанушылардың жерлерін қайтару бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды.
Бордақылаудағы және шалғайдағы мал басын есептеу нәтижелері бойынша жайылымға нақты қажеттілік анықталды.
Заң бұзушылықтар жол бергені үшін бақылаушы органдардың 22 лауазымдық тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жалпы ағымдағы жылдың 5 айында қабылданған шаралардың нәтижесінде кадастрлық құны 835,8 млн. теңгені құрайтын көлемі 73, 3 мың га болатын 593 пайдаланылмайтын жайылым жер учаскелері анықталды.
Көшпелі алқа мәжілісінде облыс прокуроры Н.М.Әбдіров елді мекендердің маңындағы пайдаланылмайтын жайылым жерлерді қайтару және олардың жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін беру бойынша шараларды қабылдау, сондай-ақ 2021-2022 жылдарға арналған салалық жоспарды әзірлеу қажеттігі туралы атап өтті.
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаев аудан әкімдерінен облыстың барлық жайылымдардың пайдалану заңдылығы бойынша ревизия жұмысын жалғастыруды талап етті.
Жамбыл облысының прокуратурасы