Израиль әлемде бірінші болып жүннен жасалған заттарды сатуға тыйым салды

0 363

Израиль әлемде бірінші болып жүн өнімдерін сатуға толық тыйым салған мемлекет болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Адамдар жануарларға этикалық тұрғыдан қарау» ұйымының сайты (PETA) хабарлады.

9 маусымда Израильдің қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гамлиель табиғи жүнді сатуға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Тыйым осы жылдың желтоқсанында күшіне енеді.

“Тері өнеркәсібі әлемдегі жүздеген миллион жануарлардың өліміне себеп болып отыр, оларды сипаттауға болмайтын қатыгездік пен азап шегеді”, – деген ол жануарлардың жүні мен терісін пайдалануды әдепсіз және шектен тыс деп атады.

Гимелиель, сонымен қатар, бұл шешім Израильдің сән нарығын экологиялық тұрғыдан таза етеді деген үміт білдірді.

Жергілікті белсенділер теріні пайдалануға тыйым салатын заң жобасын 2009 жылдан бері насихаттап келе жатқандығы атап өтілді. Ұйымның мәліметтері бойынша Израиль халқының 86 пайызы олардың қызметін қолдады.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.