Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бір жылда ноутбук үшін 668 млн теңге жұмсайды

0 327

Мемлекеттік сатып алулар сайтында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ноутбук сатып алу туралы хабарландыру жарияланды. Хабарландыруды Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті орналастырған. Ноудбуктарды сатып алу үшін жалпы соммасы 316 684 703 теңге қаржы қажет. 2020 жылдың қыркүйек айында қор ноутбук сатып алуға 352 160 069 қаражат жұмсағанын атап өткен жөн, бір жылдың ішінде ноутбукке қажет сома 668 миллион теңгега артқан. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры әртүрлі 802 ноутбук сатып алуды жоспарлап отыр. Бір құрылғының бағасы шамамен – 389 800-ден 420 900 теңгеге дейін жетеді.

Жеткізушілердің өтінімдерді қабылдау мерзімі ертең аяқталады.

Өткен жылы қыркүйекте әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жалпы сомасы 352 160 069 теңгеге 819 техника сатып алған болатын.

Ал сатып алу жұмыстарымен «Адан Компани» ЖШС компаниясы айналысты.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры компьютерлік техниканы сатып алуға кететін шығындардан бөлек, құрылғыларды жалға алуға да бірқатар қаржы қажет етіп отыр.

Мәселен, биыл Нұр-Сұлтанда 225 компьютерді жалға алу үшін 9 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлемеген қазақстандықтарға өсімпұл мен айыппұл салына ма?

«Әрқайсына 19 млн теңге сыйақы төленді»: Депутаттар әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлерінің жалақысына шүйлікті
Жалпы алғанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қазақстанның барлық аймақтарындағы қызметкерлерге арналған компьютерлерді жалға алу үшін 33 миллион теңгеден астам қаражат жұмсайды.

Еске салайық, өткен жылы, пандемия өршіп тұрған кезде, қордағы негізсіз шығындар мен басшылыққа төленген сыйақыларға қатысты наразылықтар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген ақпараттар тарады. Басшылық ауысқаннан кейін ӘМСҚ шығындар мен әкімшілік шығындарды оңтайландыруға уәде берген болатын.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.