Алматының Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды
Алматы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды.
«ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановтың бұйрығымен Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымына Құдайбергенов Емберген Сәкенұлы тағайындалды», — делінген ҚМА хабарламасында.
Емберген Құдайбергенов еңбек жолын 1997 жылы ішкі істер органдарынан бастаған.
Әр жылдары қаржы полициясы органдарында, ҚР ІІМ Қарағанды академиясында, Меммүлікті басқару органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
2020 жылдың ақпанынан бері Жамбыл облысы бойынша ЭТД басшысы қызметін атқарды.