ЕКПЕ ЖАСАТУДАН ҚОРЫҚПАҢЫЗ!
Коронавирусқа қарсы екпенің 2-ші кезеңінен өттім.
Жағдайым жақсы, ешқандай ауырсыну сезінбедім.
Екпе жасар алдында дәрігерлер қан қысымымды тексеріп, антиденелерді анықтау процедурасынан өттім.
Жалпы, вакцина алу барысында дәрігерлердің қызмет көрсетуі мен вакциналау процесін өз көзіммен көрдім және көңілім толды.
Осы сәтте халықтың денсаулығы үшін тырысып жүрген ақ халатты жандарға алғысымды білдіре отырып, Отандастарымды вакцина қабылдауға және одан сескенбеуге шақырамын.
Ілияс Баймағанбетов, Сарысу аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы