Қазақстанда алдағы күндері нөсер жаңбыр жауып, жел күшейе түседі

0 314

Қазақстан Республикасы бойынша 2021 жылдың 10-12 маусымына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

 

Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында күн салқындайды деп болжады. Жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілуде.

“Баяу қозғалатын оңтүстік циклоны Қазақстан аумағында әлі де тұрақтайды, осыған байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне кезекті суық скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағандары түнде 2-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыға дейін, оңтүстік бөлігінде 7-18 жылыға дейін, күндіз 22-35 жылыға дейін төмендейді. Батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23 жылыға, күндіз 25-37 жылыға дейін өзгереді”, – дейді синоптиктер.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.