Біртановтың адвокаты сотқа куәгер ретінде Тоқаевты шақыруды сұрады

0 430

Қорғаушылар мемлекет басшысының бұрынғы денсаулық сақтау министріне тағылған айыптардың жекелеген бөліктерімен келіспейтіндігіне куәлік беретініне сенімді.

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко соттан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты іске куәгер ретінде шақыртуды сұрады.

«Қазақстанда тергеу органдары әлемге танымал Ericsson Nikola Tesla компаниясы жұмыс істемейтін 17 миллион теңгенің платформасын жеткізді деп санайды. Алайда тергеу оны өзі бұғаттап тастады. Осыны растау үшін, құрметті сот, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты куәгер ретінде шақыртуды сұраймын. Ол растап қана қоймай, тікелей өзіне бағынатын тергеу органы – қаржылық мониторинг агенттігінің өтірігіне куә бола алады», – деді адвокат.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамаққа алу мерзімін ұзарту туралы мәселесін қарастырды.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.