Арыстағы жарылысқа айыптылғандардың ешбірі кінәсін мойындамай отыр

0 234

Арыстағы жарылысқа қатысы сот процессі аяқталуға жақын. Прокурор 16 айыпталушыға 4 жылдан 10 жылға дейін жаза кесуді сұрады. Бірақ сотталушылардың ешқайсысы кінәсін мойындамай отыр.

Жарылыстың нақты себебі белгілі болмай тұрып, сотталушыларға тағылған айып негізсіз, дейді адвокаттар.

Сот процесі Шымкент гарнизоны әскери сотында жабық режимде өтіп жатыр. Былтыр мамырда басталған сот осы аптаның соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Жәбірленушілер саны мың жарым адамнан асса, сотталушылардың барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді офицер болғандар.

Еске салайық, 2019 жылы 24-маусымда Арыс қаласындағы қару-жарақ сақталған қоймада бірнеше күн қатарынан жарылыс болып, 200-ден астам адам түрлі жарақат алған. Төрт адам мерт болды. Мыңдаған тұрғынның үйі зақымданып, 40 мыңнан астам тұрғын Шымкент пен төңіректегі ауылдарға эвакуацияланған болатын.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.