Ернар Құрмашев Алматы әкімінің кеңесшісі болды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Ернар Құрмашевті кеңесші қызметіне тағайындады.
Ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Ернар Құрмашев 1984 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-ды бітіріп, New York Film Academy-де тағылымдамадан өткен. «Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС басшысы, Astana Film Fund кинокомпаниясының директоры, «Almaty Film Festival» Халықаралық кинофестивалінің бас продюсері болып жұмыс істеді. «Томирис», «Анаға апарар жол», «Каникулы off-line», «Районы», «Бизнесмены» сияқты бірқатар қазақстандық фильмнің продюсері болған.
2020 жылғы тамызда Ернар Құрмашев Алматы мәдениет басқармасының басшысы қызметінен кеткені туралы хабарланған болатын.
Кейін Құрмашев Қазақстанның ұлттық киносын қолдау мемлекеттік орталығы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.